«7M07121 Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар»

Білім беру бағдарламасының атауы 

«7M07121 Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар»

Білім саласы

7M07  Инженерлік, өңдеуші құрылыс салалары

 

Дайындық бағыттары

7M071         Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламасының тобы

Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар

Мақсаты

«7M07121 Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасының мақсаты - наноинженерия және нанотехнология саласында жоғары білікті кадрларды дайындау. Бағдарлама төмендегідей қасиеттерге ие білікті кадрлардың кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған:

- наноматериалдарды, нанотехнологиялық процестерді және нанотехнологиялық жабдықтарды кешенді қолдану негізінде әртүрлі функционалдық мақсаттарда бар өнімдерді жетілдіру және жаңаларды жобалау саласында қазіргі заманғы ғылыми білімдерін түсіну және қорытындылау;

- алдын-ала берілген қасиеттері бар наноқұрылымдарды синтездеудің әр түрлі әдістерінің мүмкіндіктерін талдау;

- заттардың және материалдардың наноөлшемді күйге ауысу кезіндегі қасиеттерін ғылымның қазіргі заманғы идеяларын тәжірибеде қолдану;

- наноматериалдар мен нанотехнологиялар бағытында өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Тілі

Орыс, қазақ

Кредит саны

120 академиялық кредит

Берілетін академиялық ғылыми дәрежесі

«7M07121 Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі (ҚазҰУ) / Нанотехнология және микрожүйелік инженерия бағыты бойынша магистрі (РХДУ)

Оқыту нәтижелері

 

1. нанотехнологияның қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары туралы терең білімді, сонымен қатар кәсіптік қызметтің пәнаралық салаларындағы білімін көрсету;

2. нанотехнология саласындағы өз жетістіктерін объективті түрде бағалай білуге, жаңа құзыреттіліктерін қалыптастыру қажеттілігін түсінуге қабілетті болу;

3. нанотехнологиялар саласында қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ғаламдық ақпараттық ресурстарын ғылыми-зерттеу және есептік-аналитикалық қызметте таңдау;

4. практикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, нанотехнологияда қолданылатын синтездің заманауи әдістерін салыстыру;

5. түрлі наноматериалдарды өндіруге арналған заманауи технологиялық үрдістерді, материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды өңдеу, технологиялық үрдістерді басқару жүйелерін әзірлеу;

6. заттардың және наноматериалдардың қасиеттерін зерттеу, талдау, диагностикалау және модельдеу әдістерімен жаңа және беймәлім контекстердегі технологиялық мәселелерді шешу;

7. нанотехнология және наноматериалдар саласындағы заманауи теория мен практиканың жетістіктеріне негізделген теориялық және эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру және басқару принциптерін пайдалану;

8. физико-химиялық, кинетикалық және термодинамикалық параметрлерді ескере отырып, наноматериалдарды алудың қолданыстағы синтез әдістерін таңдау және қолданылуын негіздеу;

9. нанотехнологиялар саласында жоғары білім беру үрдісінің практикасына ғылыми-кәсіби білімін енгізу;

10. нанотехнология өнеркәсібіндегі жаңа пилоттық қондырғыларды, құрылғылар мен аппараттарды құру мәселелерін шешу үшін олардың құрылымын өзгертуге бағытталған материалдардың қасиеттерін басқарудың заманауи технологияларын қолдану;

11. нормативтік құжаттарға сәйкес нанотехнология саласындағы жобалық және техникалық жұмыс құжаттамаларын рәсімдеу;

12. жаңа көміртегі бар материалдарды наноөлшемді құрылымдық компоненттермен синтездеу саласындағы кешенді ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу.

Абитуриенттер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1774

Оқу іс-әрекеті

ББ-ның оқу қызметі жүзеге асырылады:

- нанотехнология және нанохимия саласындағы жоғары білім саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік нұсқаулар шеңберінде;

- университетте оқу-әдістемелік процесті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыру нәтижесінде;

- әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік құқықтық актілерді қорыту және тарату;

- университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлау; кафедраның пәннің оқу-әдістемелік кешенінің (ПОӘК) нормативтік құқықтық актілерге, жұмыс оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкестігін үйлестіру;

- оқу үдерісінің оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуін бақылау, нәтижелерін құжаттау;

- оқу материалдарын әзірлеу; жұмыс оқу жоспарын әзірлеу және енгізу

Ғылыми қызмет

ББ материалдық-техникалық базасы қажетті құралдармен, техникалық құралдармен жабдықталған.

Қол жетімді: МИН-8 микроскопы, Спектрофотометр СФ 26 ЛХМ 80 Газ хроматографы, Хроматографиялық жабдықтар ВЭЖХ, Спектрофотометр SPEKOL 1500, Perkin Elmer Clarus 500 Газ хроматографы, жоғары температура материалдарын өңдеу бөлімі - жоғары температура пеші LOIP LF-7/11-G2, компрессорлық үлгілеу қондырғысы, Хром 5 газ хроматографы, Сорбтометер-М, Жалынды ПФМ фотометрі, УК спектрометрі, Knauer сұйықтық хроматографы, Perkin Elmer Spectrum 65 ИҚ-спектрометрі, UV-7504 спектрофотометрі.

Факультетте білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін зертханалар бар: физико-химиялық талдау әдістері зертханасы және т.б.

ББ жүзеге асыру үшін штатта 2 химия ғылымдарының докторы, 4 химия ғылымдарының кандидаты, 4 PhD-докторы бар.

Негізгі тәжірибені ЖҚШ «Жану проблемалары институты», ЖШС «Жалын», ЖШС «Ин Прометей», АҚ «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығынан» өте алады.

Магистранттар жоғары оқу орындарының арасындағы ынтымақтастықтың қолданыстағы Меморандумға сәйкес ШКС-ке мүше мемлекеттердің университеттерінде тәжірибеден өте алады: Ресей Федерациясы (М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті, Томск Мемлекеттік Университеті, Белгород мемлекеттік университеті), Техас университеті (Браунсвилл, АҚШ), Ла-Рошель университеті (Франция), Токио (Жапония) университеті, Нотр-Дам университеті (АҚШ, Индиана штаты), хмиялық кинетика және жану институты (Ресей), Брайтон университеті (Ұлыбритания), Техас университеті

(Даллас, АҚШ), Жапон аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (Жапония), Нанкин ғылым және технология университеті, Химиялық инженерия мектебі (Қытай), және осы бағытта білім алған оқырмандарға жаздық мектептерді ұйымдастырып береді.

Халықаралық қызмет

«7М07121 - Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасындағы пәндерді шет елдік жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен салыстырғанда, магистратурада оқыту академиялық үрдіс ретінде Ресейдің (М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті) және Қытайдың (Ғылым мен технологияның Гонконг университеті), University San Diego, Department of NanoEngineering, (Сан Диего, Калифорния жоғары оқу орындарында бар екендігі анықталды.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

ББ ASIIN агенттігінде халықаралық аккредиттеуі бар

Аккредиттеудің қолданылу мерзімі: 26.09.2014-30.09.2020

KazSEE №2021 КЕ 0355;

Аккредиттеудің мерзімі: 18.06.2021-17.06.2026.

ҚР ЖОО арасында білім беру бағдарламаларының рейтингі қорытындысы бойынша АРТА, БСҚТА 1 орын.

Жұмыс берушілер:

Жоғарғы және орта оқу орындары; ғылыми-зерттеу орталықтары, институттар; индустрия және бизнес мекемелері; мамандық профилі бойынша ұлттық компаниялар; ЖҚШ «Жану проблемалары институты»; ЖШС «Ин.Прометей»; ЖСШ «Жалын»; білім беру және химиялық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік басқару органдары.

Мамандық келесідей аумақтарда талап етілетіні анықталды:

05-09-38 Қалдықтарды жою және өңдеу, жинау; қалдықтарды кәдеге жарату

69-75-72 Ғылыми зерттеулер мен зерттемелер

69-75-74 Басқа кәсіби ғылыми және техникалық қызметтер

69-75-85 Білім

27.1 Шойын, болат және ферроқұймалар өндірісі

72 Ғылыми зерттеулер және зерттемелер

72.1 Инженерия және жаратылыстану ғылымдары саласында ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік зерттемелер

72.19.0 Жаратылыстану және инженерия ғылымдары аумағындағы зерттемелер мен басқа да зерттеулер

71.12.1 Инженерлік іздеулер аумағындағы қызметтер және осы саладағы техникалық кеңестерді ұсыну

38.31.0 Қалдықтарды жою

85.32.1 Кәсіби-техникалық білім