7М07106 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

ББ аты    

7М07106 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Білім беру саласы

7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Оқыту бағыты

7M071 Инженерия және инженерлік іс

Білім беру бағдарламаларының тобы

Химиялық инженерия және процестер

Оқыту тілі

Қазақша, орысша, ағылшынша

Кредиттер көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

"Органикалық заттардың химиялық технологиясы" білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі 

Талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1411

 

Осы білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін сіз: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін әлемдік үздік нәтижелермен салыстыра отырып бағалауға және өз бетінше зерттеулер жүргізуге қабілетті органикалық заттар мен материалдарды өндіру мен өңдеудің химиялық технологиясы саласындағы маман бола аласыз.

 

Сіз үйренесіз:

  • Зерттеу контекстінде органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясының заманауи жетістіктерін түсіндіруді;
  • Техникалық және жобалы-конструкторлық құжаттаманы дайындау да және өндіріске арналған жабдықтарды таңдау кезінде химика-технологиялық процестердің инженерлік есептерін жүргізуді;
  • Органикалық және биоорганикалық синтездерге, өсімдік шикізатын өңдеуге, биологиялық белсенді заттарды бөліп алуға, полимер-гибридті материалдарды полимерлеуге, коллоидтық жүйелер мен биодисперсияларды құрылымдауға байланысты ғылыми зерттеулердің жоспарын құруды;
  • Химия-биологиялық, технологиялық ғылымдар мен материалтану саласында физика-химиялық, хроматографиялық, микроскопиялық талдаулардың дәстүрлі және заманауи әдістерін қолдануды;
  • Өндірістік органикалық химияның (фармацевтикалық, ауылшаруашылық, полимерлік және т. б. бағыттардағы) бастапқы шикізаты мен дайын өнімінің сапасына қатысты технологиялық және нормативтік құжаттаманы әзірлеу мақсатында алынған ғылыми нәтижелерді талдауды;
  • Жоғары мектептегі педагогикалық қызметте органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы саласындағы іргелі заманауи білім мен әдіснаманы қолдануды.

 

Сіздің мүмкін мамандықтарыңыз:

  • инженер-химик-технолог;
  • колледж оқытушысы;
  • ЖОО оқытушысы;
  • синтетикалық материалдарды өндіру жөніндегі технолог;
  • химиялық өндірісте техник-зертханашы;
  • химиялық технологияларды жобалау бойынша техник;
  • сапаны бақылау инженері;
  • ылыми қызметкер және т.б.

 

Сіз қайда жұмыс істей аласыз?

-      органикалық заттарды өндіретін, мұнайды, газды, көмірді және полимерлерді, эластомерлерді, сыр-бояу материалдарын қайта өңдейтін кәсіпорындарда;

-      көмірсутек шикізатын дайындау, өндіру мен тасымалдау және оларды ұтымды пайдалану жөніндегі кәсіпорындарда;

-      академиялық және ведомстволық ғылыми-зерттеу ұйымдарында;

-      жоғары және орта кәсіптік білім беру жүйесі мен қосымша білім беру жүйесінің мекемелерінде;

-      ғылыми-зерттеу институттарында.

 

Біліктілігі ұқсас мамандарға арналған бос жұмыс орындарының мысалдары (hh.kz, enbek.kz, 2023 ж. наурыз)

Бос жұмыс орны

Еңбекақы

Ұйым

Біліктілік міндеттері мен талаптары

ПВХ өндірісінде инженер-технолог

Қолға алатыны 250 000-нан 600 000 KZT-ге дейін

ИП Фазыл

Міндеттері:

  • прогрессивті технологиялық процестерді енгізу;
  • материалдық шығындар нормативтерін есептеу;
  • ПВХ өнімдерін өндіруге арналған рецептураларды дайындау;
  • аудармаларды тексеру және техникалық құжаттарды рәсімдеуді бақылау (TDS, MSDS, талдау сертификаттары;
  • өнімдер мен технологиялар бойынша білім базасын дайындау және өзекті күйде ұстау.

Талаптар:

  • полимерлік химия, органикалық химия негіздері және поливинилхлоридті (ПВХ) өндіру технологиясы;
  • дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар;
  • ПВХ қайта өңдеу заңдылықтары, ПВХ қайта өңдеу мәселелері және оларды шешу жолдары;
  • ПВХ қолдану салалары және негізгі рецептуралары.

Тұрмыстық химия және дезинфекциялау құралдарының химик-технологы

Салықтар шегерілгенге дейін 350 000-нан 380 000 KZT-ге дейін

Nazar trade ЖШС

Міндеттері:

  • технологиялық процестердің сақталуын бақылау;
  • өндірістегі технологиялық шикізаттар мен материалдардың (ыдыстар, жапсырмалар) нормаларын есептеу;
  • дайын өнімнің физика-химиялық көрсеткіштерін бақылау (дезинфекциялау құралдары және тұрмыстық химия тауарлары);
  • үлгілерді әзірлеу, өнімге сынақ жүргізу;
  • кәсіпорындағы өндірістік процестерді оңтайландыруға белсенді қатысу;
  • өндірістік қуаттылықты және жабдықты жүктеуді есептеу;
  • шикізат есебін жүргізу, шикізатты іздеу және сатып алу;

Талаптар:

  • жоғары білім - химиялық;
  • дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды білу;
  • 1С: Өндіріс бағдарламасын білу;
  • тұрмыстық химия және дезинфекциялау құралдары саласында технолог ретінде жұмыс тәжірибесі міндетті.

Пластмассадан жасалған бұйымдар өндірісінің инженер-технологы

-

LUKOIL Lubricants Central Asia ЖШС («ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС)

Міндеттері:

  • қызмет бағыты бойынша ҒТҚ әзірлеу;
  • өндіріс регламенттері мен технологияларын әзірлеу;
  • экструзия, қысыммен құю, үрлеу, престеу және басқа тәсілдермен алынған пластмассадан жасалған тауарлық өнімдерді дайындаудың сақталуын бақылау;
  • өнімді сынау бойынша бағдарламаларды әзірлеу;
  • пластмасса құрамдарының үлгілерін дайындау;
  • пластмассадан бұйымдар алудың технологиялық процестерін білу.

Талаптар:

  • жоғары химиялық/мұнай-химиялық, техникалық білім;
  • өндірісте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілеті;
  • сенімді пайдаланушы.

 

Химик

Қолға алатыны 250 000-нан 300 000 KZT-ге дейін

״Адам технолоджи״ ЖШС

Міндеттері:

  • химиялық талдаулар мен тәжірибелер жүргізу;
  • әдеби талдау және ізденіс;
  • зертханаға техникалық қызмет көрсету;
  • химиялық шикізатты жеткізушілерді іздеу;
  • журнал жүргізу.

Талаптар:

  • жоғары химиялық білім;
  • ғылыми дәреже құпталады;
  • жұмыс тәжірибесі құпталады;
  • компьютермен жұмыс істей білу;
  • ғылыми мақалаларды талдай білу;
  • қарым-қатынас;
  • жауапкершілік;
  • әдептілік.

 

            

Осы ББ бойынша түлектерді болашақ жұмысқа орналастыру үшін кейбір негізгі жұмыс берушілер: 

Атауы

Қала

«Теңізшевройл» ЖШС

Атырау

«Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк.» ЖШС

Атырау

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) »

Атырау

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Ақтау

«Қазгермұнай» БК» ЖШС

Қызылорда

«CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ

Ақтөбе

«Ембімұнайгаз» АҚ

Атырау

«LUKOIL Lubricants Central Asia» ЖШС

Алматы

«Sary-Arka Copper Processing» ЖШС

Қарағанды

«Ойлсерт Интернешнл» ЖШС

Алматы

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.»

Ақсай

«Epsilon group» ЖШС

Ақтөбе

«Qazaq Oil» АҚ

Астана

«Каспиан ойл» АҚ

Атырау

«Орал Мұнай» ЖШС

Орал

 

Магистранттардың академиялық ұтқырлығы (мобильділігі) 

Білім беру бағдарламасы шеңберінде Академиялық ұтқырлықты келесі ЖОО-серіктестері жүзеге асырады:

  • Н.Н. Ворожцова атындағы органикалық химия институты (Новосибирск қ., Ресей)
  • ҚХР Ғылым академиясының физика және химия техникалық институты (Цинзянь қ., Қытай)
  • Мемфис университетінің наноматериалдарды және инновацияларды дамыту институты (АҚШ)
  • Хаджеттепе университеті (Анкара, Түркия)
  • Уфа Мемлекеттік Мұнай Техникалық Университеті (Ресей)
  • Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Г.К. Боресков атындағы катализ институты (Ресей)
  • РҒА СБ ғылыми аспап жасау конструкторлық-технологиялық институты (Ресей)
  • Росток университеті (Германия)
  • Потсдам университеті (Германия)
  • Пурду университеті (АҚШ)
  • Рединг университеті (Ұлыбритания)
  • Кёнсан Ұлттық университеті (Оңтүстік Корея)
  • Мугла Сыткы Кочман университеті (Түркия)
  • Малайзия Сайнс университеті (Малайзия)
  • Шанхай дәрілік заттар институты, Қытай Ғылым академиясы (Қытай)
  • Саленто университеті (Италия)
  • Малай университеті (Малайзия)
  • Миссисипи университеті, табиғи өнімдерді зерттеу ұлттық орталығы (АҚШ)
  • Вулверхэмптон университеті (Ұлыбритания)
  • Карачи университетінің Халықаралық химия және биология ғылымдары орталығы (Пәкістан)
  • Қытай Ғылым академиясының Синьцзян техникалық физика-химиялық институты (Қытай)
  • Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университеті (Ресей)
  • Б. Ельцин атындағы УРФУ (Екатеринбург қ.)
  • "Иннотекc" Фармхолдинг ЖШҚ (Калининград қ., Ресей,)
  • Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей)
  • Қазан медициналық университеті (Ресей)
  • Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының акад. С.Ю. Юнусов атындағы Өсімдік заттарының химиясы институты (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы)
  • Тарас Шевченко атындағы Киев университеті (Киев қ., Украина)
  • Санкт-Петербург мемлекеттік техникалық институты (Санкт-Петербург қ., Ресей)
  • Ресей ғылым академиясының А. Н. Ениколопов атындағы синтетикалық полимерлі материалдар институтының полимерлерді радиациялық түрлендіру зертханасы (Мәскеу, Ресей)
  • Хоши университеті, фармацевтикалық ғылымдар факультеті (Токио қ., Жапония)
  • Анадолу университеті, фармация факультеті, фармакогнозия кафедрасы, (Эскишехир, Түркия)
  • Порту университеті, Абель Салазар биомедициналық ғылымдар институты (ISAAC), (Порту, Португалия)
  • Дәрілік заттарды әзірлеу бойынша Гриффит институты, Гриффит университеті, (Брисбен қ., Австралия)
  • Пендидикан Сұлтан Идрис университеті (Перак қ., Малайзия)
  • Або университеті (Турку қ., Финляндия)