Алаш қайраткерлері
Көрулер: 1802
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы - ректоры Жансейіт Түймебаев:
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов сынды өзге де ұлт зиялылары біз үшін жанын құрбан етті. Қазіргі таңда алаштың көптеген қайраткерлерін жетік білмейміз. Оларды тану бізге міндет.”- деп тілге тиек еткендей, ұлылардың ұлылығын ұмыттырмас мақсатында, “Алаш қайраткерлері” ауқымды тақырыбында есеп және аудит к2 тобымен Парманкулова И. С. ашық сабақ өткізген болатын.
Ашық сабақта осы тақырыпты ашу мақсатында “кахут”, “викторина” сияқты ойындар мен алаш қайраткерлерлерінің ерең еңбегі туралы слайд көрсетілді.
Алаш азаматтары қазақ ғылымының төлбасы әрі арналы саласы ретінде ең алғаш болып тілтану ғылымының іргетасын қалаған болатын. Оның себебіне үңілсек, барлық ұлттық ерекшеліктердің ішінен халықтың болмысын, өткені мен бүгінін танытарлық тіл сияқты ең көрнекті құбылысты таңдауы аса қисынды еді. Ресей отаршылдығының саяси, әскери қысымын ғана емес, рухани өктемдігін сезген, көрген Алаш зиялылары тілді, ұлтты сақтап қаларлық қуатты құрал деп қарады, бағалады, соған риясыз қызмет етті. Хандық мемлекет тұсында тіл билік пен шешендіктің, көсемдіктің, өнебойы отаршылдықта өткен ХІХ ғасырда қарсылық пен сынның құралы болса, Алаш қозғалысы тұсында тілге ең алғаш рет ұлтты тұтастырушылық ірі қызмет жүктелді.






