Кәсіпкерлік және инновациялар орталығы

Кәсіпкерлік және инновациялар орталығы «Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім мен корпоративтік сектордың интеграциясын жетілдіру – ENINEDU 574060-EPP-1-2016-KZ-EPPKA2-CBHE-SP» жобасы аясында құрылды.

Орталықтың негізгі мақсаты – студенттерге, университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамына және бизнес құрылымдарға кәсіпкерлік білім берудің жаңа экожүйесін қалыптастыруда қолдау көрсету, студенттердің инновациялық белсенділігін арттыру және жоғары оқу орындары мен корпоративтік сектор арасындағы ынтымақтастықтың тиімді тетіктерін пайдалану арқылы олардың барынша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.

Орталықтың негізгі міндеттері:

- бизнес пен академиялық сектор арасындағы іскерлік ынтымақтастыққа бағытталған жаңа көзқарастарды, креативті идеяларды дамыту;

- студенттердің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру;

- инновациялық идеяларды (зерттеулерді) қолдау және енгізу;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарды қаржыландыруға бизнес сектордан қаражат тарту;

- инновациялық кәсіпкерлік бағыттары бойынша сұхбаттасуға мүдделі өндірістік және қаржылық ұйымдармен байланыс;

- кәсіпкерліктің құқықтық мәселелері бойынша кеңестер беру.

Орталық өз жұмысын келесі бағыттар бойынша жүргізеді:

  • Білім беру қызметтерін ұсыну. Бұл бағыт мұқият таңдалған пәндерге, топтық тапсырмаларға және тақырыптық зерттеулерге негізделеді, мысалы:

- инновациялар мен шығармашылық әдістер;

- бизнесті жоспарлау және дамыту;

- прототипті жасау және өнімді әзірлеу;

- техникалық-экономикалық негіздеме, тұжырымдаманы және бюджетті бекіту;

- маркетингтік зерттеулер, маркетингтік стратегия және брендинг;

- сандық маркетинг және онлайн-жарнама;

- зияткерлік меншік және патенттер;

- қаржылық менеджмент, бухгалтерлік есеп және қаражат тарту;

- технология мен операцияларды басқару;

- питчинг және презентация жасау дағдылары.

  • Нетворкинг – ұзақ мерзімді байланыстар платформасын құруды қамтитын бағыт, бұл келесілерге мүмкіндік береді:

- стратегиялық серіктестікке қол жетімділікті қамтамасыз ету;

- стартаптарды іске асыруда сәтті тәжірибесі бар тәлімгерлермен ынтымақтастықты кеңейту;

- жобалық топтар құру;

- жергілікті және ұлттық ұйымдармен және қауымдастықтармен ынтымақтастықты тереңдету;

- халықаралық көрмелер мен іс-шараларға қатысуды белсендендіру;

- ақпараттық (ашық) күндер, пресс-релиздер және т.б. арқылы дамушы кәсіпорынның жарнамасын кеңейту.

  • Инновациялық идеялар мен технологияларды іздеуге, студенттердің тиісті инновациялық жобаларын табуға жұмыс берушілерге көмектесу.
  • Зерттеу бағыты келесілерді қамтиды:

- инновациялық кәсіпкерлік идеялардың дамуын қолдау;

- зерттеу нәтижелерін тарату;

- инновациялық бизнесті қолдау.

  • Көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту үшін университеттің басқа құрылымдарымен бірігу, мысалы кәсіби даму және кәсіпкерлік орталығы, технопарк, студенттік бизнес-инкубатор және т.б.