Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

12 сәуір - ғылыми қызметкерлер күніне орай "Экономика" кафедрасының оқытушылары Мухамедиев Болат Минтаевич, Тулегенова Мадина Сакеновна, Кондыбаева Салтанат Канапияевна ректордан алғыс хаттармен марапатталды.

Экономика ғылымдарының кандидаты, Экономика кафедрасының профессор м.а. Даулиева Ғалия Рахметқызы «2020 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері болды. Еліміздің 48 ЖОО-нан 150 адам «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегерлері болды. Конкурс жеңімпаздарына ғылыми зерттеулер жүргізу және біліктіліктерін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі.


PhD докторы, Экономика кафедрасының аға оқытушысы Рахматуллаева Динара Жақсылыққызы 2020 жылдың 7 қараша мен 27 желтоқсаны аралығында «Білім берудегі ойын әдістері. Қағидалар. Теория. Практика» онлайн интенсивті тренингтен өтіп, мемлекет мойындаған сертификат, сонымен қатар курс авторы Р.Крыловтан қосымша үздік сертификат алды. Курстың авторы: Р. Крыловпен бірге Тюмень облысының қосымша кәсіптік білім беру мемлекеттік автономды білім беру мекемесі «Тюмень аймақтық білім беруді дамытудың мемлекеттік институты». Ресей мен Қазақстанның әр түрлі университеттерінен барлығы 101 қатысушы тренингтен өтті.


Экономика ғылымдарының докторы, Экономика кафедрасының профессоры Мухамедиев Булат Минтайұлы ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендиямен марапатталды. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар мемлекет үшін басым бағыттар бойынша іргелі немесе қолданбалы зерттеулерге және ғылыми кадрларды даярлауға белсенді қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге беріледі.
 

Экономика және бизнес жоғары мектебінің ҚБТ бойынша үйлестірушісі Экономика кафедрасының аға оқытушысы Рахматуллаева Динара Жақсылыққызына 2020 жылдың 16 наурызынан бастап COVID-19 пандемиясынан туындаған университеттің білім беру үдерісін қашықтықтан оқыту технологияларына көшіруге байланысты жоғары жүктеме жағдайында лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін алғыс хат берілді.

VIІ Халықаралық Фараби оқулары. «Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы, Алматы, 6-9 сәуір, 2020 жыл. «Жаңа Жібек Жолы - экономиканың және ХХІ ғасыр инновацияларының тұрақты дамуының магистралі» бірінші секцияның нәтижелері:

I дәрежелі диплом: Баярисова А.Б «Эффективность развития инновационной деятельности в реальном секторе экономики» - ғылыми жетекші Садыханова Г.А.

IІ дәрежелі диплом: Токтосунова А.Э. «Развитие предпринимательской деятельности в рамках межгосударственного сотрудничества» - ғылыми жетекшіТемербулатова Ж.С. 

IІ дәрежелі диплом: Ногайбекова Н. «Экономиканы дамытудағы инновацияның рөлі» - ғылыми жетекші Калиева А.Е. 

IІІ дәрежелі диплом: Үргенішбай А. «Ұлы Жібек Жолы экономикалық белдеуі» - ғылыми жетекші Болуспаев Ш.А. 

IІІ дәрежелі диплом: Изетуллаева Ж.А. «Қазақстан экономикасындағы мұнайдың рөлі және оның даму перспективалары» - ғылыми жетекші Иляшова Г.К. 

IІІ дәрежелі диплом: Бейсен У.Т. «Определение рыночной нишы на основе маркетингового исследования» - ғылыми жетекші Темербулатова Ж.С.

 

2019 жылы 8-11 сәуірде өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының қорытындысы бойынша келесі студенттер дипломмен марапатталды:
І дәрежелі - Абенова Айнур
II дәрежелі - Мәлік Зарина, Тлетай Еркежан
III дәрежелі - Ақатқызы Аружан, Оразақын Замира, Үргенішбай Ақерке
 
2019 жылы 5 ақпанда 4 курс студенті Адамсопиев Е. Республикалық пәндік НАРХОЗ олимпиадасында «Макроэкономика» пәні 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды, 6 ақпанда Абдраимов О. «Экономикалық теория» пәнінен 1 орын алды
2019 жылдың 8 ақпанында «Экономика» мамандығының 1 курс студенті Хидриев Илез Бішкекте халықаралық каратэ турнирінде бірінші орынды иеленді
Экономика кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор м.а. Садыханова Г.А. «Үздік оқытушы - 2018» атағына ие болды
  «Экономика» мамандығының 1 курс студенті Хидриев Илез каратэ бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында ката бағдарламасында үшінші орынға ие болды
«Экономика» мамандығының 1 курс студенті Хидриев Илез каратэ бойынша халықаралық жарыста бірінші орынды иеленді.

 

Бакалавриаттың «Экономика» білім беру бағдарламасы FIBAA халықаралық аккредитациясынан өтті

Магистратураның «Экономика» білім беру бағдарламасы FIBAA халықаралық аккредитациясынан өтті

 

PhD докторантураның «Экономика» білім беру бағдарламасы FIBAA халықаралық аккредитациясынан өтті

 

Магистратураның «Экономика және құқық негіздері» білім беру бағдарламасы FIBAA халықаралық аккредитациясынан өтті

   

 

Біздің студенттер


2016-2017 оқу жылында кафедрада 37 студент шығарылды, оның ішінде 9 студент үздік дипломмен марапатталды; 21 магистрант «Экономика», «Экономика және құқық негіздері» мамандықтары бойынша магистр дипломдарын алды.

 

Марапаттар мен шәкіртақылар:

 
1) 4 курс студенті Сағынбаева Айтолқын 2017-2018 оқу жылында POSCO қорының стипендиясын жеңіп алды

2) Магистратураның 1 курс студенті Нұрғазы Шыңғыс білім беру грантын жеңіп алды - 9600 АҚШ доллары көлемінде Жапония Цукуба Университетінің стипендиясы  

3) 3 курс студенті Сағынбаева Айтолқын 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын жеңіп алды.

 

Пән олимпиадаларының жүлдегерлері:

 

1) Экономика мамандығының 3 курс студенттерінен (Байшоқан Раушан, Нуртаза Мақсат, Бейсен Аружан) құралған Profit Smart тобы Х республикалық студенттік пәндік олимпиадада "Шығармашылық көзқарас" номинациясы бойынша марапатталды (2018)
  2) Экономика мамандығының 3 курс студенті Аружан Бейсен Х республикалық студенттік пәндік олимпиадада 2 орын алды (2018)
  3) Экономика мамандығының 3 курс студенті Мақсат Нуртаза Х республикалық студенттік пәндік олимпиадада 2 орын алды (2018)
  4) Экономика мамандығының 3 курс студенті Раушан Байшоқан Х республикалық студенттік пәндік олимпиадада 2 орын алды (2018)
5) 2 курс студенті Ниязова Д. «Микроэкономика» пәні бойынша НАРХОЗ республикалық пәндік олимпиадасында 3 дәрежелі диплом алды (2017)
6) 2 курс студенті Аралбек Ақбілек НАРХОЗ республикалық олимпиадасында «Микроэкономика» пәні бойынша 2 дәрежелі дипломға ие болды (2017)
  7) 3 курс студенті Мұрат Динара НАРХОЗ республикалық пәндік олимпиадасында «Макроэкономика» пәні бойынша 2 дәрежелі диплом алды (2017)

 

Ғылыми-зерттеу конкурстарының жеңімпаз студенттері мен магистранттары 

 
1) 3 курс студенттері Тұңғышпаев Нурсұлтан мен Асылұлы Ерасыл 2016 жылдың қараша айында өткен «Мен жастарға сенемін» атты республикалық форумында «Ең үздік инновациялық жоба» номинациясында жеңімпаз атанды. 

2) 3 курс студенттері (Сағынбаева А., Жақсыгереева А., Тұнғышпаев Н.) Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ өткізген СҒЗЖ республикалық конкурсында «Үздік ғылыми жоба» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: PhD Кондыбаева С.К.

3) 4 курс студенті Қуанышева Мәдина «Фараби әлемі» конференциясында 2 орынға ие болды. Жетекшісі: PhD Рахматуллаева Д.Ж.

4) 3 курс студенті Сағынбаева Айтолқын «Фараби әлемі» конференциясында 3 орынға ие болды. Жетекшісі: PhD Рахматуллаева Д.Ж.

5) 2 курс магистранты Еркін Назарбай «Фараби әлемі» конференциясында 2 орынға ие болды. Жетекшісі: PhD Кондыбаева С.К.

6) 2 курс магистранты Еркін Назарбай 2017 жылдың 7-ші сәуірінде өткен «Жастардың ғылыми ізденісіндегі еуразиялық әлем» атты жас ғалымдардың Бірінші Халықаралық ғылыми конкурсында «Үздік ғылыми стиль үшін» номинациясы бойынша диплом алды. 

 

Шетелдік тағылымдамалар:


 1) 17 магистрант Варшавада (Польша) Экология және менеджмент университетінде тағылымдамадан өтті.

2) Karlova университетінде (Чехия) 2 оқытушы шетелдік тәжірибеден өтті.

3) 5 докторант келесі университеттерде шетелдік тағылымдамадан өтті:

- La Sapienza University (Италия)

- The University of Memphis  (АҚШ)

- The Hong Kong Political University (Қытай)

"Экономика" мамандығының 4 курс студенті Муканова Лейла "Қазақстан Халық банкі" АҚ стипендиаты болып келеді

 

Қыркүйек 2015 жыл 

"Экономика" мамандығының 3 курс студенті Ергашева Зухра«Changellenge 2015» кейстерді шешу бойынша Алматы Кубогының арнайы жүлдесіне ие болды

 

Қараша 2015 жыл 


"Экономика" мамандығы АРТА тәуелсіз рейтингтік агенттігінің нәтижелері бойынша білім берудің негізгі үш бағыты (бакалавриат, магистратура және докторантура) бойынша Республика бойынша 2015 жылы бірінші орынды иеленді.

 

Қыркүйек 2015 жыл 

 


"Экономика" мамандығы АРТА тәуелсіз рейтингтік агенттігінің нәтижелері бойынша білім берудің негізгі үш бағыты (бакалавриат, магистратура және докторантура) бойынша Республика бойынша 2015 жылы бірінші орынды иеленді.

 

Қыркүйек 2015 жыл 

э.ғ.д., профессор Мухамедиев Б.М. ғылым, техника және білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2008) болып табылады«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дамуына қосқан айрықша үлесі үшін» алтын медалімен (2009) және «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2005) марапатталды, ҚР ҒжБМ «Жоғарғы оқу орнының ең үздік оқытушысы» грантының иегері болды (2005, 2006, 2010).
Б.М. Мухамедиевтың авторлық құқық "Микроэкономика" объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
ф.-м.ғ.д., профессор Оспанов С.С. «Әл-Фараби атындағы КазҰУ-га сіңірген ерен еңбегі үшін» күміс медалімен (2009) және «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» (1984) марапатталған.
Әл-Фараби атындағы КазҰУ-га сіңірген еңбегі үшін медальмен марапатталды
2017 жылы Қазақстан жоғары оқу орындарының қауымдастығының баспасымен Кондыбаева Салтанат Канапияевна «Үздік мақала» байқауында ғылыми жариялау үшін марапатталды. 
Әл-Фараби атындағы КазҰУ-га сіңірген еңбегі үшін медальмен марапатталған

 

Бірінші халықаралық меркатингтік әлеуметтік зерттеулер аясындағы студенттердің ғылыми жұмыстарының байқауы

Наурыз  2014 жыл

 

ҚР Ұлттық Банкінің атаулы стипендиясын тағайындау үшін ізденушілер топтарын іріктеу бойынша байқау

Қараша 2013 жыл

"Үздік бизнес-идея" байқауы

Қараша 2013 жыл

ҚР Ұлттық Банкінің атаулы стипендиясын тағайындау үшін ізденушілер топтарын іріктеу бойынша байқау

Қараша  2013 жыл

ҚР Ұлттық Банкінің исламдық қаржыландыру бойынша атаулы стипендияны тағайындау үшін ізденушілер топтарын іріктеу байқауы

Қараша 2014 жыл