Жаңалықтар

Германия соттарымен халықаралық соттылықтың анықталуы

11.03.2024

2024 жылдың 11 наурызында заң ғылымының докторы, Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг Университетіндегі заң факультетінің профессоры Азер Алиевпен «Германия соттарымен халықаралық соттылықтың анықталуы» тақырыбында ТДМ 4 аясында онлайн дәріс өтті.

Онлайн дәрісті Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар Факультетінің Халықаралық құқық кафедрасы және қауымдастырылған профессор доктор Ph.D Алтаева Камиля Жакипбековна ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

«Заңгер - кеңесші» кім және оның тәжірибелік маңызы» тақырыбындағы ашық дәріс

19.02.2024

19 ақпан 2024 жылы ал-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінде «Заңгер - кеңесші» кім және оның тәжірибелік маңызы» тақырыбында ашық дәріс өтті. Дәрісті арнайы шақыртылған қонақ, SIGNIM LAW фирмасының кіші заңгері, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті халықаралық құқық мамандыңының түлегі – Тулеу Серғазы оқыды.

Ары қарай оқу >>

«Жеке деректерді қорғауды қамтамасыз етудің оңтайлы әдіснамасын таңдау» тақырыбындағы ғылыми семинар

15.02.2024

2024 жылдың 15 ақпанында Zoom платформасында Халықаралық құқық кафедрасы «Жеке деректерді қорғауды қамтамасыз етудің оңтайлы әдіснамасын таңдау» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.


Ары қарай оқу >>

Халықаралық коммерциялық арбитраж бойынша бірінші Алматы студенттік конкурсы

05.02.2024

2024 жылдың 3 ақпанында Халықаралық коммерциялық арбитраж (TKS Mutcourt) бойынша Бірінші Алматы студенттері байқауының финалы өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасынан екі команда құрылып, финалға жолдама алды. Жарыстың іріктеу финалдық кезеңіне Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 16 үздік команда қатысты.

  ҚазҰУ студенттерінен құралған N 52 команда жарыстың финалында екінші орын алды. Студенттер екі миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.


Ары қарай оқу >>

Қазақстанның халықаралық-құқықтық тәжірибесі мен практикасы» атты жас ғалымдарға арналған Халықаралық қысқы мектеп

30.01.2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде 2024 жылғы 26-27 қаңтарда университеттің 90 жылдық мерейтойына және оның №16 «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» ТДМ-ға қол жеткізуге қосқан үлесіне арналған «балалар саудасына қарсы іс-қимыл: Қазақстанның халықаралық-құқықтық тәжірибесі мен практикасы» атты жас ғалымдарға арналған Халықаралық қысқы мектебі өтті.

Халықаралық мектептің ашылуына халықаралық қатынастар факультетінің деканы, PhD докторы Л.Ф. Деловарова және кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.Т. Сайрамбаева қатысты.

 

Ары қарай оқу >>

Республика күні қарсаңында ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Н.Б.Бекқайыров «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды

25.10.2023

Халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Н.Б.Бекқайыров Республика күні қарсаңында ҚР Президентінің Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. 

Ары қарай оқу >>

Доцент Л.Б.Нысанбекованы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Ж.Қ.Түймебаев мырза Республика күніне орай Алғыс хатпен марапаттады

24.10.2023

Халықаралық құқық кафедрасы PhD доктор, доцент Нысанбекова Ляззат Бегимжановнаны Республика күніне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Ж.Қ.Түймебаев мырза атынан Университеттің дамуына үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Алғыс хат иегері болуымен құттықтайды! 

Ары қарай оқу >>

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте БАҚ және азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел

13.10.2023

13 қазанда LEX пікірсайыс клубында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте БАҚ және азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара Тұрақты дамудың он алтыншы мақсаты – бейбітшілік, әділдік және күшті институттарға арналды. Студенттер баяндама жасап, сертификаттармен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

«Халықаралық құқық» мамандығы студенттерінің Республикалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысуы

23.09.2023

2023 жылдың 21-23 қыркүйек аралығында Г.С. Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық институты  «Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен халықаралық-құқықтық міндеттемелерінің арақатынасы» тақырыбында І Республикалық жасөспірімдер олимпиадасын өткізді.
Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарынан 5 топ қатысты, оның ішіндеәл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «халықаралық құқық» мамандығының студенттері де бар.

Олимпиада қорытындысында біздің команда 2-орынға ие болды.

Ары қарай оқу >>

ХҚ кафедрасының аға оқытушысы Д.У. Байтукаева «10-жылдық әйел: қыздар мен бойжеткендер арасында білім беруді (ғарыш саласы) дамытуға қосқан үлесі үшін» марапатының иегері атанды

22.09.2023

ЮНИСЕФ пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірлескен «UniSat: Launch your dreams» білім беру бағдарламасы жобасының мүшесі Халықаралық құқық кафедрасы оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Байтукаева Дана Өмірбекқызы 2023 жылдың 22 қыркүйегінде Грузияның Тбилиси қаласында өткен «1st Edition of Women CCA Awards» шарасында «10-жылдық әйел: қыздар мен бойжеткендер арасында білім беруді (ғарыш саласы) дамытуға қосқан үлесі үшін» марапатын жеңіп алуымен құттықтайты. 

Ары қарай оқу >>