Онлайн тәжірибе

23.04.2021

Көрулер: 1328

12.04.2021-23.04.2021 аралығында «7М01501 – Физика» білім беру бағдарламасының магистранттары Қазан Ұлттық Зерттеу Техникалық Университетінде «Жаратылыстану-ғылыми және жалпы кәсіптік пәндер оқытушыларының психологиялық-педагогикалық қызметінің ерекшеліктері» қосымша кәсібиленген бағдарлама аясындағы біліктілікті арттыру мақсатында онлайн тағылымдамадан өтті. Тағылымдамада магистранттар психологиялық-педагогикалық зерттеулерде математикалық әдістердің қолданылуы, белсенді оқыту әдістері және ғылыми мақалалар жариялау амалдары бойынша білімдерін толықтырды. Тәжірибе соңында Enter халықаралық жобасының мүшелері Қазан Ұлттық Зерттеу Техникалық Университеті, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларымен ұйымдастырылған қорытынды дөңгелек үстелде пікір-талас жүргізілді және магистранттардың есептері тыңдалды.