«Домбыраға тіл бітсе...»

10.10.2022

Көрулер: 936

Сымдай тартылған қос ішектен сан ғасырдың тармақ – тармақ сипаты ақыл-ойы, көңіл күйі тербеледі - мыс.

Ал, дәл осы термеден жыршының ішкі жан дүниесі ағын судай ақтарылып, эмоциялары бұлқынып, «тау мен тасқа» соғылып, ерекше бір шарасыз күйде екенін аңғартады. Бейне бір өзінің ой әлемінде, ми қыртыстарындағы лабиринттерді аралап, жол таба алмай, шырмауықтарға оралып, өзінің жағдай – күйін жоғары өнер түрі, ішекті аспап домбыра – күй арқылы жеткізуді қалаған жыраудың тағдырға мойынсұнған кейпі көз алдыңа келеді.

Қазақ халқының күй өнерінің құдіреттілігін байқауға болады. Алайда, шырқалып отырған әуеннің міндетті түрде белгілі бір мақсаты, идеясы болатыны мәлім. Жан баласының басына қиындық орағытқанда, сөйлеуге мұршасы келмейтін ауыр халде болатыны анық. Міне, дәл осындай кезде, қол мен дененің қимыл – қозғалысымен домбыра әуенге басады. Алайда, бұл – физикалық үрдіс, мұның әуелгісінде орындаушы жанның жан дүниесінің табиғатының байлығы, тазалығы, тұнық, мөлдір сезіміне мән аударуымыз да маңызды қағидаттар қатарына жатады емес пе?..

«Ойға баттым,

Ойландым.

Сан тарамды өмірімнің жолына

Артқа қарап, мен бір тағы толғандым.

Өмір сүре білу керек деп...

Өмір сүре білу керек адамға –

Текке кетпес үшін сый – дары Жаратқанның

Бұл бір фәни жалғанда», - деп мені бұл құдіретті күй өзінше бір орағытып әкетті. Иә, өнердің құдіреті – бөлек, жыраудың өзі – ерек әлем. Оларды бір арнаға әкелген һәм тоғыстырған – үндестік заңы іспетті.

Тағдыр деген дүние бар. Ол – Жаратушы Құдайдың әмірі. Барша жаратылысқа қатар жүретін шарт, заң, қалау.

Күй дене бойды шымырлатып, ойға келелі салмақ салатын, өміріңнің мәніне бір сүңгіп ойландыратын көзге көрінбейтін асыл қазықты қазына ретінде мән тапты. «Көкіл» күйі – қазақ халқының күй өнерінде өзіндік орны бар, шоқтығы биік туынды.


Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының 3-курс студенті                                                Бағдат Сұлтан