Соңғы жапырақ

09.01.2021

Көрулер: 2122

О Генридің «Соңғы жапырақ» новелласын осыдан он жыл бұрын оқыған едім. Бүгін қайтадан оқып отырып, он жыл бұрын сезінген сезімдерімді қайтадан басымнан өткергендей болдым. Көзіме ыстық жас келіп, кішкентай жүрегім тарсылдап қатты соқты.

   Бала кезімде денсаулығым нашар болып, ауруханаға жиі баратын едім. Сол кезде дәрігерім маған қызықты әңгімелерді және тәжіриебелерін айтып отыратын. Ол кісі « адамның миы компьютер секілді. Миға бұйрық берсең, ол соны орындауға өзін дайындайды. Миға 60 жас өмір сүрем десең де, 90 жасқа дейін өмір сүрем деп бұйрық берсең де, ми сол әрекетке барлық организмді дайындайды. Сол үшін кез-келген маңызды мәселені миға жеткізе білу керек» - деп үнемі айтып отырады. Мен осы айтылған сөздерді іс жүзінде жүргіздім. Шынымен де, шынайы сеніп, әрекет етсең кез-келген аурудың жазылмауы мүмкін емес.

   Бұл новелладан шынайы достық, жанашырлық, адалдық секілді ізгі қасиеттерді кездестіреміз. Шығармадағы Джонсидің өзін-өзі толықтай өлімге дайындап алуы осыған ұқсас. Алайда , құрбысы Сьюдің тапқыр амалы досын ажалдан алып қалады. Сенім деген дүние әлемдегі ең мықты қару болып табылады. Дауасы жоқ қауіпті аурулар сенімнің арқасында жазылып жатқанын өз көзіммен де көрдім. Қабырғаға салған сол бір соңғы жапырақ, хәл үстіндегі жас қыздың жас өмірін алып қалған еді. Мақала тым қысқа болуы мүмкін. Дегенмен, осынау кішкене ғана мәтінге өмірімнің бір бөлігін қосып, жеке тәжірибеммен де бөлісіп отырмын. Бұл шығарма мен үшін өмірлік шығарма болып, жүрегімде қала бермек.

 

Айерке Сайран

303 топ