«Удивительная история Петеря Шлемиля» туындысына мақала
Көрулер: 2008
Питер Шлемил туралы туындыны оқыған адам таңғажайып қа да, махаббатқа да, сенім мен сезімге де бей-жай қарай алмайды. Басты кейіпкердің тарихы сұр киімді адаммен бір кездесуде жолығып, өз көлеңкесін сол адамға ақша толы әмиянға айырбастап жіберуімен басталады. Питер дәл осы әрекетінен соң бірден өкініп, көлеңкесіз адам тек күдік пен дұшпандықты оятады деген ойға келеді. Менің түсінгенім бойынша бұл жерде айтылған көлеңке қарапайым ілесіп жүретін кескін емес. Адамның өзін басқарудағы негізгі құрал ретінде айтылып тұрғандай. Көлеңке ол иесінің әрбір жасаған әрекетін айнытпай қайталайтын және одан бөлініп кете алмайтын дүние. Бұл жердегі көлеңкесінен айырылған батырды, бойындағы қасиетінен айырылған, сол арқылы сенімін жоғалтқан адам кейпінде көрсетіп тұрғандай. Көлеңке жақсы нәрсе жасасаң да, жаман нәрсе жасасаң да айна қатесіз қайталайды. Соған қарай адам кейде ішкі ойымен, кейде көлеңкесімен сөйлесіп, бір шешімге де келіп жатады. Питер Шлемил де өзінің маңызды бөлшегінен айырылған көлік секілді, өзіне деген сенімініне сыза түсіріп, адамдардан тығылумен, олардың көзіне түспейтін жол іздеумен әлек болады. Яғни көлеңкесін ақшаға айырбастап жіберген Питер ақыр соңында өзін жоғалтып алғандай күй кешіп жүреді.
Питер Гамбургтен қашып, шағын қалаға тоқтағанда Минна есімді сүйкімді қызбен танысып, оған шын ғашық болады. Ол тіпті қыздың ата-анасымен сөйлесіп, қыздарын өзіне әйел ретінде беруін сұрамақшы да болады. Алайда сүйген қызы сүйкімді Минна басқа адамға тұрмысқа шығып кетеді. Ал, Питердің сұр киімді адамның келіскендей бір жыл бір айда келеді деп ойлағаны болмай, көлеңкесіз қалған адамның жанында ешкімнің де болғысы келмейді деп ойлап, ары қарай бұл жерден де қашып кетеді.
Өмірде сөзінде тұра алмайтын, сәті түссе алдап кетуге дайын тұратын адамдар жоқ емес. Питер де сондай оқиғаға тап болып, көлеңкесінен айырылып, енді қолым жетті ме дегенде сұр киімді адамнан тағы бір миға сыйғысыз ұсыныс алып, күдерін үзгені, қазіргі уақыттағы пайдакүнем адамдар мен шарасыз адамдардың арасындағы байланыстарды бейнелеп тұр деуге болады. Өз пайдасын ғана ойлайтын адамдар өзгені азғыруға келгенде алдарына жан салмайды. Дәл осы қасиетті автор сұр киімді кейіпкер арқылы көрсете білген. Көңілі таза адамдар көбіне сондай адамдардың азғыруына алданып, айтқандарына көніп қалады ғой. Ал автор басты кейіпкер Питерді азғырудан алып шығып, ары қарай өмірін жалғастырады.
Питер көлеңкесінің жоқ екенін байқамайтын жалғыз жер шахта деп ойлап, сонда жұмыс жасауға бекінеді. Сол жолда базардан етік алып кигенде таңғажайып орын алып, ол етік жеті мильдік етік болып шығады. Питер екі аттағанда-ақ біраз жерге бара алатынын түсініп, елдер мен аймақтарды аралап, ешкіммен сөйлеспесе де, әлемді зерттеуге кіріседі.
Автор өмірде адал, жаны таза адамдар мен қатар алаяқ адамдар да бар екенін туындыдағы кейіпкерлер арқылы көрсеткісі келген секілді. Бұл туындыны оқу арқылы, алдау мен азғыруға жақын адамдардың арбауына түсіп қалатын адамдар бар және олар көп жағдайда өкініп шарасыз қалады. Дегенмен сондай жағдайда да қиындықтан қашпай қарсы тұра білген адамның алдында керемет тағдыр күтіп тұруы, өмірі мүлде басқа арнаға ауысуы мүмкін екенін түсіндім. Осындай туындыны жазғандағы автордың басты мақсаты да осы ойды оқырманға кейіпкерлерді сөйлету арқылы жеткізу болды деп ойлаймын.
Маханбетова Аяжан
302 – топ






