Онлайн креатив

07.01.2021

Көрулер: 2119

Мен Ахунбай Айғаным Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің 1-курс студентімін.Пандемияға байланысты студенттік оқуымыз   1 семестр бойы онлайн түрде болды.Сабақтар зум ,тимс платформасы арқылы өтті.Бағалау мен тапсырмаларды универ жүйесі арқылы көріп ,біліп отырдық.Дегенмен мен онлайн сабақ білімге оң әсерін тигізді деп айта алмаймын.Біріншіден,әрине ол интернет мәселесі.Кей күндері тариф таусылып, сабаққа қатыса алмайтынбыз,кей күндері ауылда жарықты өшіреді.

Тіпті, «тимстегі», «зумдағы» ақауларға байланысты сабақ беруші мұғалімдердің даусы анық естілмейтін. Қашықтықтан оқу, әрине, ол да үлкен тәжірибе болды.Ноутбук пен телефонды өте жақсы деңгейде меңгердік. Алайда,болашақ журналистер практикадан өтіп,тәжірибе жинауы керек деп ойлаймын.Оффлайн болғанда, меніңше, біз тереңірек біліммен сусынданатын едік. Әсіресе,1-курс студенттері үшін жаңа пәндерді кітапсыз оқу қиын болды.Әлі де 2-семестрды офлайн оқысақ деген үмітім бар.