Онлайн креатив
Көрулер: 1896
Басында көп ойландым,толғандым.Оқу орнымды таңдай алмай біраз қиналдым. Қайда түсем,нестимін? деген сұрақтар жатсамда тұрсамда ойымнан кеткен емес.Осылай 11сыныпты аяқтап,үлкен өмірге аяқ бастым.Уақыт зымырап өтіп,ҰБТ тапсыратын да уақыт келді.Басында қиналып аз балл жинап жүрсемде,шешуші ҰБТ дән өзім қанағаттанатындай балл жинадым.Келесі кезек универ.Сыныптастарымның ішінен соңғы болып түстім шыны керек.Ия,алғашында Сәтпаев университетіне тапсырдым.Грантқа ілінбедім.Қиналдым,жыладым.Бәры ұмытылып,бұйырған кетпейді демекші Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіне келіп түстім,қазірде білім алудамын.
Ал енді түскелі не үйрендім деген сұраққа жауап берейін.Өте көп нәрсе үйрендім,бәрін біліп алдым деп айта алмаймын өз басым.Себебі қазір онлайн оқып жатырмыз.Барған күнде бұданда көп зат үйренер ме едім деп қоямын.Бірақ универге түскелі дағдыланған нәрселерім де аз емес.Ең бастысы және бірінші орында -білім.Ал бұл универде білім деңгейің өте маңызды.Келгелі байқағаным сабақ басталған уақытта балалар қалмай сабаққа қатысады,мұғалімдер сабақты жақсы деңгейде түсіндіреді,1 курс студенті болып ештене түсінбей жатсақта қолдау көрсетіп,түсініспеушілікпен қарайтын..Бұның өзі оқу орнындағы қатал тәртіптің бар екенін айқындайды.Жаңа достар да таптым.Осы оқу орнына түскеніме еш өкінбеймін. Шыны керек Казну университетіне әлі де алар жетістіктерім көп деп ойлаймын
Болашаққа бағдар.
Сенің қазіргі оқу орның,араласатын ортаң,мамандығың ол сенің болашағың.Оқу орнындағы керемет тәртіп жүйесімен және жоғары сапалы деңгейдегі біліммен әр бала өз мамандығын толықтай алып шығады деген сенімдемін.Оқу орнындағы әрбір өтіп жатқан іс шараларға қарап,тіпті онлайн түрде болсын,жақсы деңгейдегі білімге қарап,мұғалімдердің сабаққа барынша көңіл аударатынына қарап,басқада жағымды жерлерін көре отырып осы оқуда оқыған ешқандай түлек өкінбейді деген ойдамын.
Назарларыңызға рахмет!
Мұқанғали Ақерке






