Құттықтаймыз!

30.03.2023

Көрулер: 810

2023 жылдың 30 наурызында «Молекулярлық биология және генетика» кафедрасының оқытушысы – м.ғ.к., доцент Жұмабаева Бейбітгүл Әкімәліқызы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ «Парасат» кәсіподақ ұйымының алғыс хатына ие болды.

Бейбітгүл Әкімәліқызы 1985 жылы университетімізді бітіріп, ғылыми еңбек жолын Айтхожин атындағы Молекулярлық биология ғылыми-зерттеу институтында лаборант болып бастады, кейін Уильямс атындағы ауыл шаруашылығы институтында 10 жылдан астам жұмыс істеп, «1986-2000 жылдарға арналған Шығыс селекциялық орталығының қызмет ету аймағына арналған ауылшаруашылық дақылдарының биотехнологиясы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ғылыми жобаны жүзеге асыруға атсалысты. 2002 жылы Бейбітгүл Әкімәліқызы туған университетіне оқытушы болып оралды, содан бері «Жануарлар биотехнологиясы», «Мутациялық процесс» және «Биотехнологияның генетикалық негіздері» және т.б пәндерден қазақ және орыс тілдерінде дәріс оқып келеді. Оның 2017 жылы шығарған «Жануарлар биотехнологиясы оқулығы» республикалық оқулықтар байқауында бірінші орынды жеңіп алды.

 

Бейбітгүл Әкімәліқызы Жұмабаева бұршақтың, бидайдың, асқабақтың және архаромериностың қасиеттерін зерттеуге арналған алты ғылыми жобаның жетекшісі болды.

 Молекулярлық биология және генетика кафедрасының ұжымы Жұмабаева Бейбітгүл Әкімәліқызын алған марапатымен құттықтайды!

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасының ұжымы