ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Тайпакова Сабира Мыктыбекқызы 2020 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды

30.12.2020

Көрулер: 1912

Молекулалық биология және генетика кафедрасының постдокторанты Тайпакова Сабира Мыктыбекқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №542 бұйрығымен 2020 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды   (https://egemen.kz/article/259812-qazaqstan-respublikasy-bilim-dgane-ghylym-ministrininh-2020-dgylghy-25-dgeltoqsa).
Аталып отырған стипендия мемлекет үшін басым бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерге, белсенді қатысатын дарынды жас ғалымдарға беріледі.

Тайпақова С.М. молекулалық биология және генетика кафедрасының түлегі. 2011 жылы докторантураны аяқтап, «6D060700-Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Генетика» бағдарламасы «Молекулалық клондау және саңырауқұлақтардың термостабильді целлюлолитикалық ферменттерінің гендік экспрессиясын оңтайландыру» тақырыбындағы диссертациясын қорғады. Философия докторының (PhD), профиль бойынша доктор дәрежесі 10.04.2012 жылғы № 360 бұйрықпен берілді.

С.М. Тайпақовада биохимия және энзимология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарынан 12 жылдық тәжірибесі бар, оның нәтижелері 70-тен астам ғылыми журналдарда жарияланған, олардың ішінде Scopus және Web of Science мәліметтер базасына енгізілген жоғары рейтингті журналдардағы мақалалар да бар. Оның ғылыми қызығушылығы ашытқының гендік инженериясы, ДНҚ-ны қалпына келтіру энзимологиясы және жасуша сигнализациясы салаларын қамтиды.

Ол кадрлар даярлауға да белсенді қатысады, оның жетекшілігімен бакалаврлар мен магистранттар білім алуда.

Тайпақова С.М. - 2014 жылғы дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері, 2015 жылғы «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы», сондай-ақ« Болашақ »халықаралық стипендиясының 2016-2017 жж.стипендиаты.

Кафедра ұжымы әріптесіміз Тайпақова Сабира Мықтыбекқызын ғылыми жетістіктерінің жоғары деңгейде мойындауымен шын жүректен құттықтайды және одан әрі шығармашылық табыстарға, жаңа кәсіби биіктерге және қызықты ғылыми нәтижелерге жетуіне тілектестік білдіреді!