Жаңалықтар

«Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы»

04.12.2020

2020 жылы 4 желтоқсан күні Молекулалық биология және генетика кафедрасында «Биотехнология» мамандығының 3 курс БТ18-39, БТ18-40, БТ18-41 топ студенттерінің қатысуымен «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты елбасының қазақ халқына қызметін дәріптеу мақсатында өткізілді. 

Ары қарай оқу >>

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІУЕЛСІЗДІК КҮНІ!

03.12.2020

Құрметті студенттер мен оқытушылар! Биология және биотехнология факультетінің Молекулалық биология және генетика кафедрасы сіздерді Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шараның құрметті қонағы болуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

«Генетик» және «English club» үйірмелерінің жұмысы бойынша есеп

27.11.2020

Молекулалық биология және генетика кафедрасының «Генетик» және «English club» үйірмесінің жетекшілері Әліқул А.Б. және Мынбаева Д.О. үйірме жұмысының мақсат-міндеттерімен таныстырып, үйірме старосталарын тағайындау, үйірме хатшысын сайлау мәселесін көтерді. Үйірме жұмысының бір жылдық жұмыс жоспарын талқылап, келесі жиналыста көтерілетін тақырып туралы ұсыныстар білдірді.

Ары қарай оқу >>

әл-Фарабидың 1150 жылдығына арналған Түлектер күні

30.05.2020

Биология және биотехнология факультеті, молекулалық биология және генетика кафедрасының биылғы түлектер кездесуі онлайн форматта ZOOM платформасында өтті. Жиынға кафедра меңгерушісі Жунусбаева Жазира Кабуловна бастаған кафедра ұжымы, аға буыннан жас буынға дейінгі түлектеріміз, сонымен қатар осы 2020 оқу жылының бітіруші түлектері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Бізді Түлектер күнімен құттықтауда

25.05.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Түлектер күні 2011 жылдан бастап аталып келеді, әрі бұл биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының көптеген түлектері үшін дәстүрге айналған.

Биыл Қазақ ұлттық университетінің және молекулалық биология және генетика кафедрасының Түлектер күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған және 30 мамырда online режимінде өтеді.

Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Covid-19 пандемиясына байланысты туындаған алуан түрлі мәселелерге қарамастан, кафедраның әр жылдардағы түлектері бұл айтулы күнді - Түлектер күнін ұмытпай, Alma mater–ге өздерінің құттықтаулары мен тілектерін жолдауда.

Ары қарай оқу >>

2019-2020 оқу жылының жазғы сессиясына дайындық

28.04.2020

2020 жылдың 28 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасында кафедра меңгерушісі Ж.К.Жүнісбаеваның басшылығымен ашық мәжіліс өтті. Мәжіліске қашықтан кафедраның барлық куратор-эдвайзерлері және «Генетика», «Биология», «Биотехнология» мамандықтарының орыс және қазақ бөлімдерінің 1,2,3,4 курс студенттері мен магистранттары, шамамен 200-ден астам адам қатысты. Онда қашықтан оқыту технологияларын қолданып жазғы сессияны тапсыру мәселесі талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Психология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Жігітбековамен кездесу

05.03.2020

Осы аптада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінің №7 студенттер үйінде молекулалық биология және генетика кафедрасының куратор-эдвайзерлері студенттермен достық атмосфераны құру, мазасыздықты азайту, топта өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, студент өздерін, жақсы жақтарын көрсету мәселелері жайында тәрбие сағатын өткізді. Шақырылған қонақ - психология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Жігітбекова.

Ары қарай оқу >>

Молекулалық биология және генеитика кафедрасының студенттері мен оқытушылары «ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМ» челленджіне өз үлесін қосты

29.02.2020

2020 жылдың 28-29 ақпанында, «Қайырымды қоғам» республикалық челлендж аясында мұқтаж жандар үшін заттар жинау ұйымдастырылды. Балалар мен ересектерге арналған киімдер, кітаптар, ойыншықтар жиналды. Заттар «Жылу» әлеуметтік қайырымдылық жобасына жіберілді, ал жобаныц жүзеге асырушылар алынған заттарды әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, балалар үйлеріне және әлеуметтік көмек орталықтарына бағыттады

Ары қарай оқу >>

1 курс студенттерімен студент жастарды құқықтық тәрбиелеуге және тәртіп бұзушылық пен қылмыстан сақтандыруға арналған профилактикалық кездесу

25.02.2020

2020 жылдың 23 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінің №7 студенттер үйінде молекулалық биология және генетика кафедрасының куратор-эдвайзерлері 1 курс студенттерімен студент жастарды құқықтық тәрбиелеуге және тәртіп бұзушылық пен қылмыстан сақтандыруға арналған профилактикалық кездесу өткізді.

Ары қарай оқу >>