«Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО директоры Шадкам Зубайданың Хайдарабад қаласына (Үндістан Республикасы) 21– 29 қараша 2023 ж. барған іссапары

«Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО директоры Шадкам Зубайданың Хайдарабад қаласына (Үндістан Республикасы) 21– 29 қараша 2023 ж. барған іссапары

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО директоры Шадкам Зубайда 21– 29 қараша 2023 ж. гранттық жоба аясында Хайдарабад қаласына (Үндістан Республикасы) іссапарға барып келді. Іс сапардің басты мақсаты – Хайдарабад қаласы кітапханалары мен мұражайларының, мұрағаттарының қорларын зерттеу, медициналық жазба мұраларды іздестіру; жоба тақырыбына қатысты жаңа деректерді табу, қолжазбаларын анықтау; жазба жәдігерлердің мәтінімен танысу, көшірмесін алу.

 З.Шадкам EFL Ағылшын және шет тілдері университеті Шығыс тілдері факультетінің доценті, парсы тілінің маманы Махмуд Аламмен жолығып, жұмыс жоспарын талқылады, Oriental Manuscript Library and Research Institute (OMLRI, Шығыс қолжазбалар кітапханасы және зерттеу институты) басшыларымен жолығып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге келісім, рұхсат алды.

 Саллар Джунг музейінің кітапханасында жұмыс жасады. Музей қорының каталогтарымен танысып, 8 дана XVIII–XІХ ғғ. қолжазба кітап таңдалып, мәтіні қаралды. Зерттеу барысында «Тансуқ наме Илхани» авторы Табиб Рашид ад-дин Хамаданидің Арғұн ханға (1251-1291) арнап жазған «Кафиат фи тибб» атты тағы бір беймәлім медициналық шығармасы және Шибандық Убайдолла Бахадүр ханға арнап жазылған «Зубдат ал-Куххалин» атты трактат (парсы тілінде) бар екені анықталды.

 З.Шадкам Низамия Джамия (Низамия медресесі) ұйымының кітапханасымен танысты. Кітапхана қорында жалпы саны 1316 араб, парсы, урду тіліндегі қолжазба және 2400 аса литографиялық ескі кітаптар сақталған. Қорларында сақталған 7 медициналық шығармамен танысты. Сол күні Чаумахалла қорымен танысуға бардық. Чаумахалла қоры Османия университетінің кітапханасына 2018 ж. тапсырылғаны анықталды.

 Іс сапар нәтижесінде:

- Хайдарабад қаласының кітапқорларымен танысты;

- барлығы 32 қолжазба, 30 аса сирек кітаптар мен ғылыми әдебиеттер қаралды;

- жоба тақырыбына қатысты 3 жаңа дерек табылды, Табиб Рашид ад-дин Хамаданидің Арғұн ханға (1251-1291) арнап жазған «Кафиат фи тибб», Шибандық Убйдолла ханға жазылған «Зубдат ал-куххалин» ( атты шығармасы бұрын-соңды айтылмаған тың дерек деп бағаланды;

- болашақта бірлескен жобалар жасау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша OMLRI инстиуты, EFL университеті, Низамия Джамия ғылыми-зерттеулер орталықтарымен өзара ынтымақтастық орнатуға келісім жасалды.

 Қорытынды ретінде Зубайда Шадкам: «Хайдарабад Үндістандағы көне тарихи-мәдени жазба мұралар жинақталған ең бай өңірдің бірі. Әсіресе, барлық мемлекеттік және жеке қорларында, мұра жәйларында араб, парсы, урду тіліндегі жазбалар мен кітаптардың арнайы бөлімдердің бар екен. Жобаның ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті 3 тың дерек табылып, көшірмелері алынды. Хайдарабад қаласындағы іссапар мақсаты толық орындалды. Бір Хайдарабад қаласында 18 қолжазба сақталған үлкенді-кішілі қор бар. Іссапар барысында ең бай қорларын қарауға тырыстық. Низамия медициналық колледжі, Медицина тарихы институты, Хайдарабад университеті қорларын қарастыруға уақыт жетпеді. Бұл қорлар аса бай болмаса да, зерттеуге тұрарлық қолжазбалар сақталған» дейді.

 «Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО

 

Басылым күні :  24.12.2023