Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы, Қазақ тілі секциясы
Көрулер: 719
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясының жұмыстары әр секция бойынша жалғасуда. Қазақ тілі секциясында 21 тыңдаушының ғылыми жұмыстары тыңдалып, өзекті тақырыптар талқыланды. Қазақ тілі секциясы-Тәуелсіз Қазақстандағы тіл саясатын жүзеге асырудағы жастардың рөлі мен әлеуеті тақырыбында өздерінің жобасын қорғап, қазіргі таңдағы өзекті болып тұрған тіл мәселесі қозғалды. Конференцияға қатысып отырған жас ғалымдар мен тыңдаушылар өз ойларын ашық ортаға салды. Сонымен қатар тиісті жүлделі орындармен марапатталды.
І дәрежелі: Дәуітхан Саяхатт
ІІ дәрежелі: Дамыс Косманавт, Жаңатай Элина
Ill дәрежелі: Қашуан Ақжол, Арсул Расул, Спан Аружан.






