М.О.Әуезов мұражай үйі
29.03.2023
Көрулер: 882
Бүгін ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының биология бағытындағы білім алушы тыңдаушылар М.О.Әуезовтың мұражай үйіне саяхат жасады. Ғұлама жазушының үйіндегі жұмыс бөлмесімен, қолжазбаларымен, жеке заттарымен, үлкен кітапханасымен танысты. Жұмыс бөлмесіндегі Мұхтар атамыздың "Абай жолы" романын жазған үстелі тыңдаушыларға үлкен әсер қалдырды. Мұражай үйдің ауласындағы ғұлама жазушының 1957 ж. өз қолымен отырғызған грек жаңғағының осы күнге дейін жеміс беріп тұрғанын біліп таң қалдық. Мұражайға саяхат тыңдаушыларға өте ұнады.







