Наурыздағы Отырар кереметі

23.03.2023

Көрулер: 942

Түркістан облысы Отырар ауданында 21-23 наурыз күндері "Фотоөнер" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті мен"National Geographic-Kazakhstan” журналының қолдауымен республикалық фотобайқау өтті. Байқауға Астана, Алматы, Өскемен, Тараз және Түркістан қалаларынан әртүрлі жастағы 10 фотосуретші қатысты. Фотографтар Наурыз мерекесінен бөлек, Отырар қалашығында, Арыстан баб кесенесінде, Арыс жағалауында болып әртүрлі ракурстан фото түсіріп, қазылар алқасына 30 жұмыс ұсынды. Фотобайқау сайысында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушысы Аманкел Ерханат 3-ші жүлделі орын иеленді.Бұдан бұрын Жапонияның Хоккайдо штатындағы Хигишикава қаласында өткен Халықаралық жас фотографтар фестиваліне Моңғолиядан Аманкел Ерқанат, қатысып, «Байланыс», «Арман мақсат» атты туындыларымен “HIGASHIKAWA Youth Fest” фестивалінде жеңімпаз атанды.Фестиваль фотосурет арқылы жоғары сынып оқушыларының ұжымдық жұмысын қолдау және дамыту мақсатында жүріледі.Сонымен қатар, ел біріншіліктерінде сайыстарға қатысып топ жарған. Жәнеде "HIGASHIKAWA YOUTH FEST" фестивальінен жеңімпаз атанып, соңғы 4жыл жеңімпаз атанған мемлекеттің қатысушылармен бірге 2022 жылы Моңғолия елінде фотосурет көрмесін ашқан.