Қош келдің әз-Наурыз!
Көрулер: 853
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ұлыстың ұлы күні жаңа форматта атап өтті. «Жаңа Қазақстан: Қоғамды ұйыстыратын құндылықтар» мерекелік бағдарламасының мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамын атап өту және оның маңыздылығын арттыру тапсырмасын жүзеге асыру.
Жаңа тұжырымдаманы қамтыған іс-шарада қазақстандық танымал суретшілер мен қолөнер шеберлерінің, университет фотограф-оқытушылары мен студенттерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар түрлі баспалар жаңа өнімдерін ұсынып, Наурыз мерекесінің әлем елдерінде тойлану үрдістері таныстырылды.
Оқу орнының Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев жиылғандарды мерекелік шара бағдарламасымен таныстырып, жаңа форматтың халықты біріктірудегі маңызына тоқталды.






