Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшілігімен кездесуі

16.03.2023

Көрулер: 876

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының Өзбекстан Республикасынан келген тыңдаушылары, Университеттің 15 қабатында өткен, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшілігімен кездесті. Өзбекстан Республикасының Бас консулы Фатхуллаев Аброр Джахангировичпен және бас консульдың орынбасары Абдулкаримов Жамолдинхожа мырзамен кездесіп қайтты. Бұл кездесудің мақсаты Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде оқып жатқан шәкірттердің мәселелерін талқылап, олардың жағдайымен танысып, осы оқу орнындағы алып жатқан білімдері жайлы сұрап, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, еркін сұқбаттасып, тыңдаушылардың ризашылығын алып қайтты. Факультетте әр мемлекеттен келген шетелдік тыңдаушылар білім алып жатқандықтан, бұндай кездесулер жиі болып тұрады. Сондықтанда әр тыңдаушы, өз елінің елшіліктерімен кездескенде толқыныста болып, ата-анаға деген, туған жеріне деген сағыныштарын жасыра алмай, өз пікірлерімен де бөлісіп қайтты.