Ұлттық киім-мәдени мұра

14.03.2023

Көрулер: 1022

Ұлттық құндылықтар апталығының аясында 13 наурыз күні ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының топ куратор-эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім-мәдени мұра» атты мәдени-танымдық тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: тыңдаушылардың бойында ұлттық киімге деген құрмет, мақтаныш сезімдерін бойына сіңіре отырып, тыңдаушылардың эстетикалық талғамын, ұлттық киімге деген қызығушылықтарын арттыру.Ұлттық киім-бай тарихи, мәдени мұра. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Сонымен қатар қазақы киімнің барша сымбаты мен ою өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының , ой дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ұлттық киімдерге зергерлік ұйымдар ерекше әр берген.
Ұйымдастырушылар: Дауытова Ж.К., Уралбекова У.М., Буланова Т.М., Исаева Н.Т., Нусупбаева С.А., Мужигова Г.М., Касымова К.А., Әуелханқызы М. және 1,2,8,10,11,12,17,19,22 топ тыңдаушылары.