Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы

22.02.2023

Көрулер: 746

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы үйірме мен клубтар апталығының аясында «Жас ғалым» мен «Өлкетану»  клубтарының мүшелері 22 ақпан күні Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайын тамашалады.               
Қазақ халқының ұлттық мұрасы болып табылатын сәндік-қолтанбалы өнері қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық дәстүрлі қолөнерімен, даму сатысымен танысты. Көшпелілер мәдениетін қолөнер кәсібінің көптеген түрлері: кестелеу, тоқыма бұйымдары, ағаштан және сүйектен өңдеп жасаған заттар, түскиіздің түрлері, аттың ер-тұрмандары, зергерлік бұйымдары ерекше екенін айтып, ризашылықтарын білдірді.