«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына саяхат

19.02.2023

Көрулер: 879

2023 жылдың 19 ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының жанындағы «Жас тарихшылар», «Мұражайтану» және «Өлкетану», «Парасат», «Шамшырақ» үйірмелерінің ұйымдастыруымен «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында саяхат жасалды.  

Бұл іс-шарамыздың мақсаты, тыңдаушыларға ежелгі Қазақстан тарихы кезеңіндегі өтілген сабақтарымен байланыстырып, оларды ғылыми-танымдық және әлеуметтік-мәдени тұрғыдан дамыту және төл тарихымызды насихаттау.

         Іс-шара «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының, тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімінің жетекшісі Ж.Құрбанәлі және экскурсаводы А.Қосжанованың көмегімен, мұражайдағы экспонаттар мен экспозициялар бір-бірлеп таныстырылып, тыңдаушыларға мол мәліметтер берілді. Әсіресе, Алтын адам және онымен бірге табылған жәдігерлерге кеңінен таныстырылым жасалды. Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Иран және Ауғанстан келген 60-қа жуық тыңдаушы қатысты. Іс-шара өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өтті.