"Тіл білімінің жаңа парадигмалары:теориялық және әдістемелік ізденістер"
10.02.2023
Көрулер: 687
Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында "Тіл білімінің жаңа парадигмалары:теориялық және әдістемелік ізденістер" атты халықаралық конференция өтті. Конференцияның ашылуында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Суатай Сәбит Құрманжанұлы филолог ұстаздардың инновациялық, педагогикалық тәжірибелерін отандық, халықаралық жаңа мазмұнды білім беру ресурстары ретінде оқу үдерісінде жүзеге асыру, бағыттарын қарастыру, тіл мен әдебиетті оқытудың өзекті мәселелерін шешуде инновациялық іс-әрекеттердің тиімділігін арттыру, қазіргі тіл біліміндегі ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстардың перспективалық бағыттарын анықтау, қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын дәріптеу, оқу үдерісін, тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастыру, кешенді тестілеу мен ҰБТ-ға дайындаудағы маңызды мәселелерді анықтау сынды конференцияның мақсаты мен міндеттеріне тоқталып кетті.
Конференцияға алыс-жақын шетелдік және өз еліміздің әр өңірінен оқытушы-профессорлар сондай-ақ Ауғанстаннан келген тындаушылар катысты. Конференция аясында 3 секция жұмыс жасады. 3-ші секция: Мультидисциплинаралық білім беру саласындағы инновациялық технологиялар. Модератор: Ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD доктор, доцент м.а. Нұргүл Амангелді, хатшы: аға оқытушы Гульназира Мужиговалар жүргізді. 3-ші секциясы бойынша Ауғанстаннан келген бакалавр, магистрлар баяндама жасады. Сонымен қатар қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Конференция өте жоғары деңгейде өтті.








