«ҚазҰУ ережелері және Ар-намыс кодексі»
Көрулер: 690
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының куратор-эдвайзерлері: Мужигова Г.М., Сандыкбаева У.Д., Нусупбаева С.А. «ҚазҰУ ережелері және Ар-намыс кодексі» атты ашық тәрбие сағатын өтті. Кураторлар топ тыңдаушыларын оқу жылының І семестрінің аяқталуымен құттықтап, осы оқу жылының ерекшелігі мен өзгешелігі туралы айтылды. Сонымен қатар ҚазҰУ студенті туралы ережесімен таныстырып, Ереженің негізгі 4 тараудан тұратындығын, әр тарауға толық тоқталып өтілді. Сондай-ақ ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексінің мәтіні тыңдаушыларға толық айтылып, жеткізілді. Ар-намыс кодексіндегі 13 бап жеке-жеке қарастырылды. Студенттердің университет ережесіне және басқа да нормативті актілерге бағыну керектігі, сонымен қатар студенттердің оқытушылармен және ҚазҰУ-дің әкімдігі өкілдерімен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік және ұқыптылық таныту керектігі баса айтылды.








