Дулат Исабековтың ҚазҰУ-дағы көшбасшылық дәрісі

23.11.2022

Көрулер: 833

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев мырзаның бастамасымен Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Еңбек ері, жазушы Дулат Исабековтің ҚазҰУ-дағы көшбасшылық дәрісі өтті. Ректор Дулат Исабековке университеттің "Құрметті профессор" атағын тапсырды. Жиынға жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы С.Қ. Суатай және ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары мен куратор-здавйзерлері: Г.Т. Тилеужанова, Ж.С. Адилханова, Г.М. Мужигова, С.Р. Нұртілеуовалар қатысты.
Жазушы мен оқырман арасында тәрбиелік-танымдық сұхбат жүрді. Жас буын ағамыздың шығармалары жайында біраз әңгіме өрбітті. Сондай-ақ факультетіміздің тыңдаушысы Ақгүл Хайрол “Гауһар тас” фильміндегі Дулат ағамыздың сөзіне жазылған «Келші айым» әнін нақышына келтіре орындап берді.