“Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ”

12.11.2022

Көрулер: 854

12.11.2022ж. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында “Шамшырақ” мәдени-танымдық клубының аясында “Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” атты білім сайысы өтті. 📚Сайыстың мақсаты: Тіл шеберлігін қалыптастыру, сөз мәдениетін дамыту. Сайыс 7 турдан тұрды: Сайысты 3 топ тыңдаушысы Космановт Дамыс жүргізді. Сайысқа қатысушы үміткерлер екі топқа бөлініп, білімдерін сынады. Мақал сайысы мақал-мәтелдің мәнің түсіндіру, жұмбақ жасыру, тұрақты тіркестердің мағанасын ашу сияқты сайыстарда топ мүшелері қызықты да қызу жарысқа түссе, топ басылары жаңылтпашты мүдірмей қатесіз айту жарысында сайыстың көркін қыздыра түсті. Нәтижесінде “Алғырлар” тобы 23 ұпай, ал “ Жас-Ұлан “ тобы 28 ұпаймен алға шығып білімділіктерін көрсетті.Сайыс соңында “Шамшырақ” клубының жетекшілері: Ж.С. Әділханова, Г.Т. Тилеужанова, Г.М. Мужигова екі топтың ұпайлар санын анықтап, қазақтың тіл байлығындағы асыл қазынамызды жастар есінде мәңгі сақтап, ұмытпай өмірлеріне азық ететін білім алды шәкірттерімізге білім игеруде қанаттары талмай, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектерін айтты.