ҚАЗҰУ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ БІРІНШІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ

09.11.2022

Көрулер: 954

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алғаш рет QS Азия өңірі жоғары оқу орындарының рейтингіне еніп, 44-орынға ие болды. Сондай-ақ, ҚазҰУ «QS Asia University Rankings 2023: Орталық Азия» рейтингінде 1-ші орын алып, Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны болып танылды. 2023 жылғы шығарылымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS Asia University Rankings рейтингінде үздік 6% қатарына енді.

2009 жылдан бастап жыл сайын шығарылатын QS Asia University Rankings рейтингі жыл сайын Азияның үздік университеттерін бөліп көрсетеді.

ҚазҰУ «QS Asia University Rankings» рейтингіне алғаш рет әлемге әйгілі Сингапур Ұлттық университеті, Пекин университеті, Токио университеті, Малай университеті, Корей университеттермен қатар алғаш рет қатысуда.