Көрікті Көлсай аймағына саяхат
Көрулер: 1969
2021 жылдың қарашаның 14 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының жанындағы «Өлкетану» және «Атамұра» үйірмелерінің жетекшілері және 3, 5, 6, 7, 15, 16, 17 топтарының кураторлары Г.М. Мужигова, К.С.Аширбекова, Ж.К. Дауытова, С.А.Нусупбаева, Н.Т. Исаева, Г.Жұмаділдің Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында ұйымдастырылған, өлкеміздің көрікті орны «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне мәдени – танымдық саяхат өткізді. Танымдық саяхаттың мақсаты: Еліміздің көркем жерлерімен шет елден келген тыңдаушыларды таныстыру. Саяхат барысында теңіз деңгейінен 3000 м-ге жуық биіктікте жатқан Жоғарғы Көлсай, Орта Көлсай (Қайыңды) мекендерін аралап, Көлсай көлдерінің әсем табиғатын тамашалаған тыңдаушылар ұмытылмас әсерге бөленді.






