Құпияға толы Шарын шатқалымен танысу
Көрулер: 1688
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының жанындағы «Өлкетану» және «Атамұра» үйірмелерінің жетекшілері және 3, 5, 6, 7, 15, 16, 17 топтарының кураторлары К.С.Аширбекова, Г.М.Мужигова, Ж.К.Дауытова, С.А.Нусупбаева, Н.Т.Исаева, Г.Жұмаділдің ұйымдастыруымен 2021 жылдың қарашаның 14 күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында ұйымдастырылған, еліміздің танымал «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» құрамындағы көрікті орындар Ақтоғай, Көртоғай шатқалдарына танымдық саяхат өткізді. Танымдық саяхаттың мақсаты: тыңдаушыларды Алматы облысының көркем жерлерімен таныстыра отырып, табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту. Саяхаттаушылар Торайғыр жотасының шығыс бөлігіндегі Шарын өзені "Көртоғай" шатқалының көпшілікке танымал болған орны– «Қорғандар алқабымен» танысып, табиғи ерекшелігін тамашалап қайтты.






