SUPER STUDENT 1-тур
28.10.2022Республика күніне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ж.Қ. Түймебаев мырзаның бастамасымен ұйымдастырылып отырған «SUPER STUDENT» атты телевизиялық таланттар байқауына ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары 1 турда өнер көрсетті. Байқауда тыңдаушылар әр номинация бойынша өнер көрсетті, атап айтсақ, «қара жорға» биі, домбырамен күй шерту, моңғол биі, жеке ән орындау. ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының талантты жастарына сәттілік тілейміз!






