Лаззат Қалымбекқызын жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтай отырып, жұмысына табыс тілейміз!

05.04.2023

Көрулер: 664

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры болып заң ғылымдарының докторы, доцент, профессор Ляззат Қалымбекқызы Еркінбаева тағайындалды. 


Ләззат Қалымбекқызы Еркінбаева бүгінге дейін ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы лауазымында жұмыс істеді. 

Лаззат Қалымбекқызын жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтай отырып, жұмысына табыс тілейміз!

Құрметті Ләззат Қалымбекқызы!

Сізді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор лауазымына тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздің кәсіби тәжірибеңіз, басқарушылық талантыңыз және ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз осы жоғары және жауапты лауазымда айтарлықтай жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Сізге жаңа қызметте сәттілік тілейміз!

 

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының  ұжымы.

 

Ләззат Еркінбаева 1989 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды заң факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын азаматтық құқық кафедрасының лаборанты болып бастаған Ляззат Қалымбекқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры дәрежесіне дейін көтерілді. 

Ләззат Еркінбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ табиғат ресурстық және экологиялық құқық кафедрасы мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасын басқарған.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі бірінші проректоры қызметін абыроймен атқарып, басқарушылық бағытта мол тәжірибе жинады. 

 

1984- 1989 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы ҚазМУ заң факультетінің күндізгі бөлімінде білім алған.

1995 жылы «Жерге келтірілген зиянды өтеуді құқықтық реттеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2008 жылы «ҚР Аграрлық құқықтық қатынастары» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Кәсіби қалыптасуда жетекшісі профессор Байсалов Сағындық Байсалұлы ғылымындағы шығармашылық жолда үлкен рөл атқарды. Еңбек жолын 1989 жылдың тамызында С.М. Киров атындағы ҚазМУ заң факультетінде азаматтық құқық кафедрасында лаборант болудан бастады.

1989-1992 жылдары С.М. Киров атындағы ҚазМУ-де ауыл шаруашылығы және экологиялық құқық кафедрасының күндізгі бөлімінде аспирантурада оқыды.

1992-2002 жылдары ҚазҰУ табиғат ресурстық және экологиялық құқық кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті қызметтерін атқарды.

2002 жылдан 2011 жылға дейін ҚазҰУ табиғат ресурстық және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2011 жылдан 2018 жылға дейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің бірінші проректоры – оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры болды.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚазҰУ кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының профессоры қызметін атқарады.

2010 жылы "жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегері атанды, содан кейін 2013-2014 оқу жылында "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқыды, оның шеңберінде Брюнель университетінде және Рединг университетінде (Ұлыбритания) жемісті ғылыми тағылымдамадан және тілдік даярлықтан өтті.

Оның ғылыми жетекшілігімен заң ғылымдарының 6 кандидаты, 4 философия докторы (PhD) дайындалды. Қазіргі уақытта төрт PhD докторанттың ғылыми жетекшісі болып табылады. Оның өз ғылыми мектебі, еліміздің түкпір-түкпірінде және шетелде еңбек ететін оқушылары бар.

Еркінбаева Лаззат Қалымбекқызы ғылыми қызметпен белсенді айналысады, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық ғылыми жобаларына қатысу және басшылық ету тәжірибесі бар, ҚР заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің бірқатар жобаларын әзірлеуші және сарапшы болған, БҰҰДБ, ЕҚЫҰ сарапшысы болған.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Нормативтік-құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі сарапшылар тізіліміне кіреді. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы жаңадан құрылған Конституциялық сотының сарапшысы болып сайланды.

2009 және 2010 жылдары Қазақстанның құқықтық ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР БҒМ "ҚР ғылымына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін "Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл", "ҚР Парламентіне 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл"медальдарымен марапатталған.