ТДМ 5. ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК

ҚАЗҰУ-ДА «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЖАСАМПАЗ ӘЙЕЛДЕР» ФОРУМЫ ӨТТІ

07.03.2023

Форумды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ашып, әйелдер қауымын көктем мерекесімен құттықтады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:«Егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Қыз-келіншектер еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де белсене атсалысуда. Өскелең ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беру ісінде әйелдер айрықша рөл атқарады» деп атап өтті. Сондай-ақ «Әйелдер қауымының жасампаздық қасиеті мен күш-қуаты Жаңа Қазақстанның дамуына септігін тигізеді» деп әйел-аналарға зор жауапкершілік жүктеді. Мемлекет талантты, талапты әйел-аналардың дамуына жан-жақты жағдай жасап келеді.Сондықтан ғылым және жоғары білім саласындағы әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейтіп, ұдайы қолдау көрсетуді біз де жалғастыра береміз.», – деді өз сөзінде университет ректоры.