7. Барлық адамдар үшін арзан, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету

 

27.04.2023 жылы Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы «Экологиялық қауіпсіздік жүйесіндегі экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері (Байсалов оқулары - 2023)» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы шеңберінде жас ғалымдардың (студенттер, магистранттар және докторанттар) ғылыми - зерттеу жұмыстарының байқауын ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты - талантты жас зерттеушілердің ғылыми белсенділігін анықтау және көтермелеу.
Бұл байқауға ҚР көптеген ЖОО-ң талантты жастары қатысты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Баку Мемлекеттік университеті (Азербайджан Республикасы), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, M.S. NARIKBAEV ATYNDAGY KAZGUU UNIVERSITETI, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, К.Сәтбаев университеті және т.б.
«Жас ғалым-2023» байқау нәтижесінде 1,2,3 дәрежелі дипломдар, сыйлықтар және ақшалай шәкіртақылар беріліп, жас ғалымдар марапатталды.
«Жас ғалым-2023» байқауын өкізген кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Куаналиева Г.А., философия докторы (PhD) Накишева М.К.