16. Тұрақты даму мүддесінде бейбітшілік сүйгіш және ашық қоғамдарды құруға жәрдемдесу, барлығы үшін сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және көпшіліктің қатысуына негізделген мекемелер құру

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 2023 жылы 20-21 қаңтарда «Университеттік ғылымды дамыту Қазақстаннның инновациялық дамуының қажетті шарты ретінде» Үкімет пен ғылыми қоғам өкілдерінің қатысумен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Ғылыми-технологиялық дамуды қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық базасы» секциясында «Ғылым туралы заң: саясат, шындық және преспективалары» тақырыбында Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті заң факультетінің деканы з.ғ.д., профессор Байдельдинов Даулет Лаикович баяндама жасады.

Ғылымның дамуындағы заңнаманын рөлін және мемлекет басшысы Қ-Ж. Қ. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауына сәйкес әзірленген жақында қабылданған нормативтік құқықтық актілердің маңыздылығын, оның ішінде Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын атап өтіп, Д.Л. Байдельинов ғылымның дамуындағы бірқатар мәселелермен байланысты екенін атап өтті. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері ғылым салаларына байланысты әр түрлі болатыны анық. Біреулері патенттік құқық объектілері, біреулері авторлық құқық объектілері болып табылады. Тиісінше, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру тәртібін құқықтық реттеу және ғылыми қызмет нәтижелері ғылым салаларына байланысты әр түрлі болуы керек. Баяндамашының пікірінше, ғылым саласындағы барлық нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау қажет және ғылым мен білім саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың барлық кешенін қамтитын ғылым және ғылыми қызмет қызмет туралы Кодексті қабылдау ғана ғылыми қыметті мемлекеттік реттеудегі мәселелерді шешеді.