ЖАҢАЛЫҚТАР

Кедендік органдар үшін кадрлар

25.05.2021

 

Бүгінгі танда коптеген ата-аналардың алдында алуан түрлі мәселелер туындайды: бұл, баланың қайда білім алғаны дұрыс? Қандай мамандық таңдағаны дұрыс және ол мамандық оның болашағын қамтамасыз етедіма? Қандай университетті таңдағаны дұрыс және ол болашақта мойындаладыма? деген сұрақтар төңірегінде болады.

         Бүгінгі таңдау мотивациясы жалғыз ғана – ол, тұрақтылық.

         Кеден органдарындағы қызмет ету қай кезде де престижді болатын және солай болып қалуда. Кеден қызметінің болашағы Қазақстанның халықаралық экономикалық одаққа мұшелігіне орай көркендей түсуде. Қазақстанның Қытай және Ресей сияқты алыптармен көршілес болуы елеулі түрде тауар айналымын дамытуға және әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Елдің геосаясаттық жағдайы Оңтүстік-Шығыс Азия мен Европаны біріктірген жаңғыртылған «Жібек жолына» кіруді ертеден-ақ болжаған еді. Жібек жолы арқылы тауар айналымы әрдайым кеңіп және дамып отырады, ал бұл өз кезегінде елдің экономикалық дамуына және халықаралық саясаттағы рөліне байыпты әсерін тигізеді.

Ары қарай оқу >>

"Жібек жолы" халықаралық форумы

13.04.2023


Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының магистранттары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті ұйымдастырған "Жібек жолы" халықаралық форумын ұйымдастыруға және өткізуге қатысты. Ұйымдастыру комитетіндегі сапалы жұмысы үшін магистранттар Жанель Бегалиева мен Төлеген Аяжан Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының Алғыс хатымен марапатталды.Алматы қаласы бойынша МКД кафедраның кеден органдары үшін кадрлар даярлау, студенттер мен магистранттардың практика базасы ретінде практикасын ұйымдастыру, бірлескен ғылыми және кәсіптік бағдарлау іс-шараларын өткізу саласындағы сенімді серіктесі болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Профессор Г.А.Куаналиева для ППС кафедры таможенного, финансового и экологического права провела мастер-класс

06.04.2023

 06.04.2023 жылы з.ғ. д., профессор Г. А. Қуаналиева кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ПОҚ үшін "WOS және Scopus журналдарына ғылыми мақалалар жазу әдістемесі" мастер-класс өткізді. Мастер-класс барысында мынадай мәселелер қаралды: ғылыми мақаланы дайындау стандарттары; ғылыми мақаламен жұмыс істеу алгоритмі; зерттеуші-ғалымның брендін қалыптастыру және т. б.

Ары қарай оқу >>

Лаззат Қалымбекқызын жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтай отырып, жұмысына табыс тілейміз!

05.04.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры болып заң ғылымдарының докторы, доцент, профессор Ляззат Қалымбекқызы Еркінбаева тағайындалды. 

Ләззат Қалымбекқызы Еркінбаева бүгінге дейін ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы лауазымында жұмыс істеді. 

Ары қарай оқу >>

«Тіл философиясы және Әбу Насыр әл-Фараби философиясының тілі» атты халықаралық Фараби форумы өтуде

04.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әл-Фараби орталығының 30 жылдығына арналған «Тіл философиясы және Әбу Насыр әл-Фараби философиясының тілі» атты халықаралық Фараби форумы өтуде.

Халықаралық Фараби форумы адамзаттың ұлы ойшылы әл-Фарабидің мұрасын терең зерттеуге, кеңінен таратып, насихаттауға арналған ірі ғылыми іс-шара. Шараның мақсаты – ойшыл ғалымның бай мұрасын жаңа қырынан зерттеу, Фараби мұрасы арқылы қазіргі қоғам дамуының рухани, тарихи және философиялық негіздерін түсіну, қазақстандық және шетелдік фарабитанушыларды біріктіру, жаңа зерттеулерді саралау.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз Тақырыбы: «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» (Байсалов оқулары - 2023)

01.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 27 сәуір 2023 жылы сағат 11.00 де ҚазҰУ кітапханасында, 409 аудиторияда «Экологиялық қауіпсіздік жүйесіндегі экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері» (Байсалов оқулары - 2023) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушылары 2023 жылғы 19 наурыздағы сайлауға белсенді қатысты

25.03.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, заң факультеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушылары - заң ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Т. Айгаринова және PhD докторы С. Әділғазы 2023 жылы 19 наурызда өткен сайлауға белсенді түрде атсалысып,  259 және 258 сайлау учаскелеріне төрағалық етті. 

Ары қарай оқу >>

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің барлық мүшелерін құттықтаймыз

10.03.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры заң ғылымдарының докторы Еркинбаева Лаззат Калымбекқызын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі болу мен құттықтаймыз!!!!

Ары қарай оқу >>

27 сәуір 2023 жылы сағат 11.00 де ҚазҰУ кітапханасында, 406 аудиторияда «Экологиялық қауіпсіздік жүйесіндегі экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері» (Байсалов оқулары - 2023) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

09.03.2023

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 27 сәуір 2023 жылы сағат 11.00 де ҚазҰУ кітапханасында, 406 аудиторияда «Экологиялық қауіпсіздік жүйесіндегі экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері» (Байсалов оқулары - 2023) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>