6-мақсат Су ресурстары мен санитарияның бар болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету

 

27.04.2023 жылы Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, заң ғылымының докторы, профессор БАЙСАЛОВ САҒЫНДЫҚ БАЙСАЛҰЛЫ – туғанына 95 жыл толу құрметіне орай «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» (Байсалов оқулары - 2023) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Ауқымды шараға ҚР Парламенті, ҚР Конституциялық соты, ҚР Жоғарғы соты, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Алматы қаласы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өкілдері, белгілі қазақстандық заңгерлер және Ресей, Эстония, Польша, Өзбекстан ғалымдары, оқытушы-профессорлар мен білім алушы жастар қатысты.

Конференция барысында з.ғ.д., профессор Еркінбаева Ләззат Қалымбекқызының басшылығымен шығарылған авторлар ұжымы ғылыми еңбектерінің тұсаукесер рәсімі өткізілді.

- «Цифровизация экологический информации в системе права»
- «Digitalization of environmental information in the system of law»
- «Жаңа Қазакстанның аграрлық құқық негіздері»
- «Правовые проблемы аграрно-земельных правоотношений на современном этапе развития сельскохозяйственной кооперации в Республике Казахстан»
- «Legal problems of agrarian and land law relations at the present stage of agricultural development in the rebublic of Kazakhstan»
Ғылыми еңбектердің тұсаукесер рәсімін өткізу БАЙСАЛОВ САҒЫНДЫҚ БАЙСАЛҰЛЫНЫҢ шәкірттері танымал ғалымдар заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі ӘБДІРАЙЫМ Бақытжан Жарылқасынұлына және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор БАЙДЕЛЬДИНОВ Даулет Лаиковичқа табысталды