ТДМ 8. ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

28 қазан 2022 ж.  кеден, қаржы, экология кафедрасының 1 курс докторанты Есекеева Айнаш Акимсалқызы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Қазақстан Республикасында 2022 жыл “Балалар жылы” аталуына байланысты “Балалардың әл - ауқаты-табысты болашақтың сенімді кепілі: балалардың құқықтарын қорғау институттарының тиімді жұмыс істеу мәселелері” тақырыпты ауқымы кең конференцияға қатысты.

Конференцияда балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау - еліміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі. 2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға, инфақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыырғаны, елімізде болып жатқан ауқымды шаралар туралы өзекті мәселелер сөз етілді. Бала құқығы - басты құндылықтарымыздың бірі.