Мигрант балалардың орта білім саласына интеграциялануы мәселелеріне арналған дөңгелек стол Финляндияның Або Академиясынан шақырылған маман, доктор Мария Риэккинен қатысты.
10.12.2021
Көрулер: 1964
10 желтоқсан 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы ұжымы мигрант балалардың орта білім саласына интеграциялануы мәселелеріне арналған дөңгелек стол өткізді. Онда мигрант балалардың негізгі жалпы білім алуын құқықтық реттеу, қабылдаушы мемлекеттегі мигрант балалардың білім алу тәжірибесі, олардың ана тілінде білім алуын қолдау мәселелері талқыланды. Ой-талқыға кафедра мүшелері, студенттер, сонымен қатар Финляндияның Або Академиясынан шақырылған маман, доктор Мария Риэккинен қатысты






