ЖАҢАЛЫҚТАР

Гродно мемлекеттік университеті Заң факультетінің деканы, з.ғ.к., доцент Чебуранова Светлана Егоровнаның студенттерімен кездесуі өтті

24.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті Заң факультетінің деканы,  з.ғ.к., доцент Чебуранова Светлана Егоровнаның "Кеден ісі" мамандығы студенттерімен  кездесуі өтті   (Гродно, Беларусь Республикасы). Кездесуде академиялық ұтқырлық мәселелері қаралып, студенттер мен магистранттар арасында өзара алмасу туралы меморандум жасасу туралы шешім қабылданды.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім беру, ғылыми және инновациялық қызметті және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды тиімді жүзеге асыратын көп бейінді университет болып табылады.  Зерттеу университеті мәртебесі ҚазҰУ әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен, озық технологиялары бар зерттеу орталықтарымен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған. Осылайша, университет елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен әсер етеді.

Ары қарай оқу >>

Ұлттық валюта теңге күніне орай кездесу өткізді.

15.11.2021

15 қараша 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы Ұлттық валюта теңге күніне орай кездесу өткізді.  

Іс-шараны өткізу барысында студенттерді әлемдегі ақша қатынастарының пайда болу және даму тарихымен, ұлттық валютамыз «теңгенің» пайда болуы мен ерекшеліктерімен, оның қорғаныс деңгейімен таныстырды. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелерін талқылады.

Өткізілген уақыты: 15 қараша 2021 ж.

Ары қарай оқу >>

«Кеден ісі» мамандығының 2, 3 және 4-курс студенттері Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен кездесті

02.11.2021

«Кеден ісі» мамандығының 2, 3 және 4-курс студенттері Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен кездесті және оқу бітіргеннен соң жұмысқа орналасу мәселелерін талқылады. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс ерекшеліктері, мемлекеттік қызметтегі мансап және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша сұрақтарға жауап алды.  

МКД мамандары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы мамандарымен бірлесіп «кеден ісі» оқу бағдарламасының мазмұның талқылап, оны жетілдіруге байланысты бірқатар ұсыныстар берді.

Университет пен ҚР қаржы министрлігі аумақтық бөлімдерінің тығыз ынтымақтастығы жалғаса береді.

Өткізілген уақыты: 2 қараша 2021 ж.

Ары қарай оқу >>

24 қазан – Ақпараттық дамудың бүкіләлемдік күні

24.10.2021

24 қазан – Ақпараттық дамудың бүкіләлемдік күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы 2022 жылы магистратураға түсушілер үшін жоспарланып отырған «Сандық құқық» білім беру бағдарламасын талқылаудан өткізді. Кафедра мәжілісінде оқу бағдарамасының мақсаттары, міндеттері және құрылымы талданылып, оқу бағдарламасының болашағы мен енгізу мәселелері талқыланды. Талқылауға сарапшы ретінде жұмыс берушілердің тәжірибедегі мамандары қатысты.

Өткізілген уақыты: 26 қазан 2021 ж.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының қосқан үлесі» тақырыбында кафедра мәжілісі өтті

05.10.2021

5 қазан 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының қосқан үлесі» тақырыбында кафедра мәжілісі өтті. Мәжілісте ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған монографияның тараулары талқыланды. Келесідей тарауларды талдау жоспарланды: қаржылық-құқықтық; экологиялық-құқықтық; кедендік. Мұнда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заңгер ғалымдарының республиканың құқық теориясы мен нормативтік-құқықтық базасының қаыптасуына қосқан үлесі қарастырылады. Монографияны жариялау 2021 жылдың желтоқсанына жоспарлануда.

Өткізілген уақыты: 5 қазан 2021 ж.

 

Ары қарай оқу >>

Қос дипломдық бағдарламасын жүзеге асыру аясында

24.09.2021

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы «Теңіз және энергетикалық құқық» мамандығы бойынша қос дипломдық бағдарламасын жүзеге асыру аясында А.Алиев атындағы Баку мемлекеттік университетінің заң факультетімен бірлескен оқу-әдістемелік дөңгелек-стол өткізді.

Оқу үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылды және 2021-2023 жылдарға оқуға түсушілердің магистрлік жұмыстарының тақырыптары бекітілді.

Өткізілген уақыты: 24 қыркүйек 2021 ж.

Ары қарай оқу >>

Рига техникалық университетінің Мемлекеттік кірістер мектебінің директоры, профессор Айварс Крастиньшпен бірге он-лайн кездесу өткізіп

14.08.2021

2021 жылдың 14 қыркүйегінде Әл-Фараби атындагы ҚазҰУ Кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының отырысында Рига техникалық университетінің Мемлекеттік кірістер мектебінің директоры, профессор Айварс Крастиньшпен бірге он-лайн кездесу өткізіп, магистратура мен бакалавриат деңгейінде "Кеден ісі" білім беру бағдарламасының бойынша қос диплом бағдарламасын құрудың мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады.

Кездесу іскерлік және достық атмосферада өтті. Білім беру бағдарламасының құзыреттері мен мақсаттары талқыланды.

Өтетін күні: 2021 жылғы 14 қыркүйек.

Ары қарай оқу >>

Сіздерді еңбек сіңірген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор Ағыбаев А.Н.-ның 80 жылдығына арналған «Қазіргі жағдайда Қазақстанның ақпараттық заңнамасын дамытудың негізгі бағыттары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырамыз

15.06.2021

Сіздерді еңбек сіңірген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор Ағыбаев А.Н.-ның 80 жылдығына арналған «Қазіргі жағдайда Қазақстанның ақпараттық заңнамасын дамытудың негізгі бағыттары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

8D04202 - Кеден ісі

26.05.2021

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды:

8D04202 - Кеден ісі

ББ мақсаты: Кеден ісі саласында тереңдетілген құзыреттілікке ие, шет тілдерін кәсіби меңгерген; кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда басқару функцияларын іске асыра алатын; кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуін талдау және басқару; кәсіби білімі мен қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, педагогикалық, ғылыми-зерттеу және заң шығару қызметін жүзеге асыра алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.

Ары қарай оқу >>