ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін 16.01.2023 жылы әл –Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетенің магистранттары 7М04212 – «Теңіз және Энергетикалық құқық» қос дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша Әзербайжан мемлекетінің астанасы Баку қаласында

16.01.2023

Бүгін 16.01.2023 жылы әл –Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетенің магистранттары 7М04212 – «Теңіз және Энергетикалық құқық» қос дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша  Әзербайжан мемлекетінің астанасы Баку қаласында “Баку мемлекеттік университетінде” университет ректоры Елчин Бабаевтың қатысуымен диплом табыстау салтанатты шарасы болып өтті. Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша магистрлік дипломдардың табысталуы, заң факультеті үшін ерекше маңызды сәттердің бірі болып табылады. Себебі, дипломын алушы магистранттар аталған білім беру беру бағдарламасының алғашқы түлектері. Бүгінде дипломын 8 магистрант алды: атап айтсақ, Байтурбай Орынбасар, Касекеева Айжан, Рагимова Жаля, және т.б. Әрине қуаныштарында шек жоқ магистранттар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканына Д.Л. Байдельдинов мырзаға, кафедра меңгерушісі А.Е. Жатканбаеваға және бағдалама координаторлары Л.К. Еркінбаева, Г.Т. Айгариноваға алғыстарын білдіруде

Ары қарай оқу >>

28 қазан 2022 ж. кеден, қаржы, экология каф. 1 курс PhD докт. Есекеева А. А. халық. ғыл.-тәжір. конф. Қазақстан Республикасында 2022 жыл “Балалар жылы” аталуына байланысты “Балалардың әл - ауқаты-табысты болашақтың сенімді кепілі: балалардың құқықтарын қорғау институттарының тиімді жұмыс істеу мәсе

28.10.2022

28 қазан 2022 ж.  кеден, қаржы, экология кафедрасының 1 курс докторанты Есекеева Айнаш Акимсалқызы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Қазақстан Республикасында 2022 жыл “Балалар жылы” аталуына байланысты “Балалардың әл - ауқаты-табысты болашақтың сенімді кепілі: балалардың құқықтарын қорғау институттарының тиімді жұмыс істеу мәселелері” тақырыпты ауқымы кең конференцияға қатысты.

Ары қарай оқу >>

27.10.2022 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Ғылыми кеңесі өтті.

27.10.2022

Әріптестерімізді құттықтаймыз 
27.10.2022 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Ғылыми кеңесі өтті.Факультет деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Дәулет Лайықұлы Байдельдинов з.ғ.д., профессор А.С.Ибраеваны, з. ғ. д., профессор Айжан Ержанқызы Жатқанбаеваны, з. ғ. к., доцент Ақмарал Бақтиярқызын мерейтойлық күндерімен құттықтады. ҚазҰУ ректорының атынан құттықтаулар мен мемлекеттік наградалар табысталды.

Ары қарай оқу >>

Сіздерді 2022 жылғы 27 қазанда сағат 10:00-де "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСІ ЖӘНЕ ОНЫ ПРАКТИКАДА ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ"Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз

20.10.2022

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСІ ЖӘНЕ ОНЫ ПРАКТИКАДА ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

ИРН AP14872548 «Қазіргі экологиялық құқықтық тәртіп: қазақстандық кейс» атты тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландырған ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізіледі

Ары қарай оқу >>

Оқыту нәтижелерін әзірлеу бойынша шеберлік сыныбын кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ. к., доцент Айдарханова К.Н. жүргізді

13.10.2022

2022 жылғы 13 қазанда пән бойынша оқыту нәтижелерін әзірлеу бойынша шеберлік сыныбын кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ. к., доцент Айдарханова К.Н. жүргізді. Пән бойынша күтілетін оқу нәтижелерін анықтау процедуралары және олардың практикалық сабақтарда, СӨЖ-да бейнеленуі және қорытынды бақылау сұрақтары көрсетіліп, түсіндірілді. Тыңдаушылар оқу нәтижелерін әзірлеу алгоритмін, Блум таксономиясы бойынша әрбір ОН тұжырымдау тәсілдерін және жалпы білім беру бағдарламасындағы оқу нәтижелеріндегі әрбір пәннің ОН орнын түсінді. Оқытудан кафедра оқытушылары өтті.

Ары қарай оқу >>

Корея университетінің заң факультетінің профессоры (әлемдік рейтингте 74-орын) Hoyoung Shin және Кореяның адвокаттары мен кәсіпкерлерінің делегациясы

04.10.2022

ҚазҰУ-дың заң факультеті мен «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасы Корея университетінің заң факультетінің профессоры (әлемдік рейтингте 74-орын) Хоён Шин және Кореядан келген заңгерлер мен кәсіпкерлер делегациясымен кездесу өткізді. . Кездесуде заң факультеттерінің салық және қаржы құқығы саласындағы өзара іс-қимылының негізгі бағыттары мен перспективалары талқыланды. Кездесу өте қызу және достық жағдайда өтті. 

Ары қарай оқу >>

Ашық сабақтың тақырыбы «Мухитдинов Нажмитдин Баукеевичтің ғылым жолы».

03.10.2022

2022 жылдың қазан айының 3-ші жұлдызы күні сағат 12:00 де 302-ші аудиторияда 301-топта заң ғылымдарының докторы, атақты ғалым Мухитдинов Нажмитдин Баукеевичтің құрметіне ашық сабақ өткізілген болатын. Ашық сабақтың тақырыбы «Мухитдинов Нажмитдин Баукеевичтің ғылым жолы». Ашық сабақта ғалым Н.Б Мухитдиновтың 1940 жылы 9 мамырда дүние есігін ашқаннан бастап, ғылым саласындағы өмірлік жолын студенттермен талдап, ғылыми еңбектері зерттелді.

Н.Б Мухитдинов қазақтың заң ғылымында тайға таңба басқандай, із қалдырған ұлы ғалым. Мухитдинов Нажмитдин Баукеевич Қазақстанның инвестиция және қаржы құқықтарының ғылым ретінде қалыптасып, дамуында өлеулі еңбек сіңірген дара тұлға.

Ұйымдастырушылар: Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушылары аға оқытушы Г.К.Шуланбекова, з.ғ.д., Г.А.Куаналиева.

Ары қарай оқу >>

Қазан айының үшінде заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының 3-курс студенттерінің арасында жер құқығы пәні бойынша ашық сабақ өткізілді.

03.10.2022

Қазан айының үшінде заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының 3-курс студенттерінің арасында жер құқығы пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың басты тақырыбы ретінде жерді пайдалану құқығы ауқымды түрде қарастырылып, студенттер арасында тақырыпты жан-жақты талдау жүзеге асырылды. Тақырыпты талдауда ҚР-ң 2003 жылғы 20 маусымда қабылданып, 2022 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Жер кодексі негізге алынды. Ашық сабақ үстінде жер пайдалану құқығының түсінігі, оның түрлері, жер пайдалану құқығының негіздері және субъектілері және де т.с.с. маңызды мәселелер толыққанды талқыланды. Сабақ барысында алынған білімдерін әртүрлі ребустар, қызықты кроссвордттар шешу арқылы бекітті. Студенттер жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық  жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау мәселелері туралы сұрақтарға жауап алды. Ашық сабаққа кафедра оқытушылары Б.Қалымбек, Г.А. Қуаналиева, А.А. Есекеевалар қатысты.

Ары қарай оқу >>

30.09.2022 ж Әл-Фараби алтындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің 3-ші курс студенттермен Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедра оқытушылары Б. Қалымбек және С. Әділғазы арасында жиын өтті.

30.09.2022

30.09.2022 ж Әл-Фараби алтындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің 3-ші курс студенттермен Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедра оқытушылары Б. Қалымбек және С. Әділғазы арасында жиын өтті. Жиында студенттер. Ұстаздар жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайты алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек тұлғалар. Осыған орай бүгін студенттер кафедра жетекшілеріне өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымы осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті  атқарып жүргендеріңізге көп рахмет айтамыз.

Ары қарай оқу >>