California State University, Nortridge-де ғылыми тағылымдама нәтижелері

"Математикалық және компьютерлік моделдеу" мамандығының 3 курс докторанты Әскербекова Жанар Әскербекқызы АҚШ, Нортридж, Калифорния мемлекеттік университетінің математикалық факультетінде 10-ыншы қазан мен 10-ыншы қаңтар аралығында профессор Алексеенко А.М-ның жетекшілігінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Әскербекова Ж: "ғылыми тағылымдама кезінде факультеттің ғылыми семинарларына қатысып, университеттің студенттік қызметіне ат салысты. Эллиптикалық типті теңдеулердің кері есептерін шешу әдістері бойынша әдебиеттерге шолу жасады және мақала үшін материалдар дайындады. Тағылымдама барысында кері есептер және оларды шешу әдістері бойынша өз білімін жетілдіріп, жоғары өнімді есептеу жүйелерінде жұмыс тәжірибесін алды. Алған білімді болашақта эллиптикалық типті теңдеудің түрінің кері есептерін шешудің сандық әдістерін әзірлеу және іске асыру үшін қолданамын".

 

   

Басылым күні :  13.03.2020