Химия және химиялық технология бойынша Х Халықаралық Бірімжанов съезді

 

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы химия және химиялық технология бойынша Х Халықаралық Бірімжанов съездінің (әл-Фараби ат. ҚазҰУ, 24-25 қазан 2019 ж.) негізгі ұйымдастырушысы болып рөлін атқарды. Съезд жұмысына Қазақстанның, жақын және алыс шетелдің 70-тен астам университетінің атынан 200-ден астам ғалымдары, сонымен қатар ғылыми және өнеркәсіптік ұйымдар қатысты. Келесі бағыттар бойынша пленарлы және секционды отырыстарда 100-ден астам ғылыми баяндамалар ұсынылды: «Минералды шикізатты өңдеудің заманауи мәселелері», «Бейорганикалық заттар және материалдардың химиясы мен технологиясы», «Органикалық заттар және материалдардың химиясы мен технологиясы», «Наноматериалдар, материалтану, жану процестерінің химиялық физикасы», «Көмірсутекті шикізатты қайта өңдеудің заманауи мәселелері». Пленарлы отырыс шеңберінде ЖОО-ң ортасы, ғылыми-зерттеушілік институттар, сонымен қатар өндіріс кәсіпорындарының басшыларының қатысуымен «Ғылым, білім және өндірістің интеграция жолдары» атты панельді пікірталастар жүргізілді.

 

Басылым күні :  17.04.2020