Кафедра тарихы

Химия факультетінің ең бірінші кафедрасы жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы болып табылады. Профессор А.С. Мазуренко, доценттер С.Д. Рождественский және И.Я. Григоренко химия факультетінің бірінші тыңдаушыларына лекция оқыған. 1935 жылы кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін кафедраны басқарған доцент Ә.Б.Бектұров (кейінненҚазССР ҒАакадемигі), сонымен бірге химия факультетінің деканы болды. Алғашқы жылдары кафедрада лекция оқып, зерттеу жұмыстарын жүргізген үш қызметкер болды: - Ә.Б.Бектұров, Б.А.Бірімжанов және лаборант Н.И.Колпаковская.

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы 1971 - ші жылы жалпы химия (Х.Д.Молдағалиев, Ү.Ф.Омарова, Н.Е.Снегирева, С.Т.Омаров, В.П. Крученко, И.И.Цыганкова және т.б.), бейорганикалық химия (Б.А.Бірімжанов, Л.А.Кадушкина, Р.Ф.Наймушина-Савич, М.А. Ибрагимова, Ю.А.Покровская, О.Ю.Моисеевич, М.К.Төрешева, Н.Н.Нұрахметов, М.Б.Мұратбеков, М.Р.Танашева, Г.П.Кияткин, Г.С.Қуанышева, К.К.Тоқсейітов, Г.М.Секунов, Г.Д.Зоров, М.С.Қазымбетова, А.А. Петрова, С.С. Болибок, Г.Д. Чиркова, Л.И. Плескач, Ф.А. Әмірғалиева, К.А. Косогорова, Л.Г. Дриллер, Г.А. Коршунова, Т.Г. Трегубенко) кафедраларына бөлінді.

Ә.Б.Бектұров ҚазССР ҒА-ның химия ғылымдар интитутына ауысуына байланысты,1954 жылдан өмірінің соңына дейін химия факультетің және бейорганикалық химия кафедрасын басқарған химия ғылымының докторы, профессор, ғылымға еңбек сіңірген, ҚазССР ҒА-ның корреспондент мүшесі Б.А.Бірімжанов (1911-1985жж) болды. Осы жылдар арасында химия факультеті Қазақстандағы жетекші оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Б.А.Бірімжановтың ұсынысы және қолдауы бойынша факультетте 6 жаңа кафедра және ғылыми зерттеу лабораториялары ашылды. Оның ғылыми-педагогикалық, ұйымдастырушы және қоғамдық қызметтері жоғары бағаланды. Б.А.Бірімжанов Ленин, Халықтар Достығы, Құрмет белгісі ордендерімен,6 медальмен және Құрмет грамоталармен марапатталды.

Б.А.Бірімжановтың жетекшілігімен кафедра оқытушылары Қазақстанда химия оқулықтарын қазақ тіліне аударды, химия терминологиясын және номенкулатурасын қазақ тілінде шығарды. Б.А.Бірімжанов., С.Т.Омаров., Х.Д.Молдағалиевтар химия оқулықтарын алғашқы аударушылар болды. Б.А. Бірімжанов 1962 жылы ЖОО-дардағы студенттерге арнап жалпы химиядан бірінші оқулықты жазды, ол 1970 және 2001 жылдары қайтадан баспадан шығарылды. Б.А.Бірімжанов Н.Н.Нұрахметов және М.Б.Мұратбековпен бірге 1977 жылы ЖОО-на арналған «Жалпы және бейорганикалық химияның теориялық кіріспесі» атты оқулық баспадан шықты.

ҚазССР ҒА-ның академигі Ә.Б.Бектұров(1901 -1985 жж.),

ҚазССР ғылымға еңбек сіңірген қайраткер,

факультет деканы

(1936-1939жж.)

ҚазССР ҒА-ның корреспондент мүшесі

Б.А.Бірімжанов (1911-1985 жж.),

ҚазССР ғылымға еңбек сіңірген қайраткер,

факультет деканы (1954-1980 жж.)

1985 - 1994 жылдар аралығында кафедраны басқарған ЖМ ҒАМ академигі, 2001 жылдан ғылым, техника және білімсаласында мемлекеттік сыйлығының лауреаты химия ғылымының докторы, профессор Н.Н.Нұрахметов. Профессор Н.Н.Нұрахметов кафедра қызметкерлерімен бірге жалпы «амидқышқылдар» деп аталатын күрделі органикалық катиондары бар жаңа тұздар класының теориялық және практикалық негізін құрды.

1994 - 1997 жылдар аралығында кафедраны басқарған химия ғылымының докторы, профессор Р.Ш.Еркасов. Бұл кезеңде төрт компонентті жүйеден үштік, төрттік координациялық қосылыстарды алудың физика-химиялық негіздері өңделді, сонымен бірге осы қосылыстардың құрылысы мен құрамы анықталды.

1997 -2009 жылдарда бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі химия ғылымының докторы, профессор М.М.Бүркітбаев болды. проф.М.М.Бүркітбаевтың жетекшілігімен табиғи наноматериалдар негізінде композициялық материалдар және жаңа сорбенттер алу тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді, сонымен бірге ластанған аймақтағы радиациялық жағдайлар зерттелді. 2007 жылы проф. М.М.Бүркітбаевқа Семей полигонындағы радиоэкологиялық жағдайларды зерттеу жұмыстарындағы ерен еңбегі үшін «Бейбітшілік үшін ғылым» атты НАТО бағдарламасы бойынша ғалымдар арасында Халықаралық сыйлығы берілді.