Оқу-әдістемелік қызмет (2010-2012)

Профессор Бірімжанов Б.А. бастаған педагогтық ұжым Қазақстанда ең алғаш болып химия оқулықтарын қазақ тіліне аудара бастады, қазақ тіліндегі химиялық терминалогияларды және номенклатураларды жасап шығарды. Бүгінгі таңда кафедра педагогтарымен үлкен оқыту-әдістемелік жұмыс жүргізілуде:

  • Бір қатар химиялық мамандықтар үшін міндетті мемлекеттік стандарттар, типтік оқыту бағдарламалары және жұмыс оқыту жоспарлары жасалды;
  • Қазақ тілінде оқулықтар басылып шығарылды («Жалпы химия» - Бірімжанов Б.А.; «Бейметалдар химиясы» - Нұрахметов Н.Н., Мұратбеков М.Б., Тәшенов А.К.; «Бейорганикалық химия» - Омаров Т.Т., Танашева М.Р.), ҚР БҒМ грифі бар оқулықтар (Краткий курс общей и неорганической химии – Қуанышева Г.С., Бүркітбаев М.М., Жамансариева К.У.), бейорганикалық химиядан оқу құралдары мен практикумдар (проф. Бүркітбаева М.М., Рысқалиева Р.Г. редакциясымен);
  • Барлық арнайы курстарға арналған әдістемелік құралдар жазылды.

Факультетте оқу процесін кафедрадағы профессор-оқытушылар құрамы және оқу-көмекші қызметшілер төмендегідей мамандармен қамтамассыз етеді:

  • 050606 - Химия (химик-зерттеуші);
  • 050112 - Химия (химия оқытушысы);
  • 050721 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы;
  • 050720 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы;
  • 6N0606 - Химия;
  • 6N0112 - Химия (білім беру);
  • 6N0720 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы.

Кафедра оқытушылары профессорлар: М.М.Бүркітбаев, Н.Н.Нұрахметов, М.М.Қуанышева, М.Р.Танашева, С.М.Романова, Г.В.Абрамова және доценттер: К.Бекішев, Б.Д.Балғышева, А.И.Ниязбаева, Р.Г.Рысқалиева химия мамандары үшін мемлекеттік міндетті стандартты білім беру бағдарламасын өңдеуге, типтік оқу бағдарламасын және оқу жұмыс жоспарын жасауға белсенді қатысты.

Бейорганикалық химия мамандығы бойынша дайындайтын студенттерге арнайы курстар мынандай салаларда жүргізіледі: физика-химиялық анализ, табиғи тұздардың химиясы, фосфор тыңайтқыштарының химиясы, қышқылды-негізді әрекеттесулер, тотығу-тотықсыздану реакцияларының тізбекті механизмдері, кванттық-химиялық зерттеу әдістері, радиациялық экологияның негіздері, полимерлі бейорганикалық материалдарды алу технологиясы, бейорганикалық синтез.