Іс-шаралар күнтізбесі (2013-2014)

2014 жылдың 31-ші наурызынан 11-ші сәуірі аралығында химия және химиялық технология факультетінде «Современные тенденции в области топливных элементов с протонообменной мембраной» тақырыбында Лотарингия Университетінің (Нанси қаласы, Франция) профессоры Hinaje Melika лекциясы, семинары және консультациясы өтеді.

2014 жылдың 4–15-ші сәуірі аралығында химия және химиялық технология факультетінде «Выращивание кристаллов для фотоники и других областей техники» тақырыбында, Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімінің (Новосибирск қаласы), В.С. Соболев атындағы Геология және минералогия институнының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы Кох Александр Егоровичтің лекциясы, семинары және консультациясы өтеді.


2014 жылдың 4–15-ші сәуірі аралығында химия және химиялық технология факультетінде «Специфические технологии в химии неорганических веществ» тақырыбында, Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімінің (Новосибирск қаласы), В.С. Соболев атындағы Геология және минералогия институнының меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы Уракаев Фарит Хисамутдиновичтің лекциясы, семинары және консультациясы өтеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдық мерейтойына байланысты, жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы Мария Склодовская Кюридің құрметіне арналған Ақпараттық күнге барлық қатысушыларды шақырады.

2013 ж. сәуір айының 22-26 аралығында Алматы қаласында "Радиациялық бақылау және ауыз суын радиациялық белгі бойынша гигиеналық бағалау"атты ашық семинар өткізілді.