ТДМ бағдарламасы шеңберінде өткізілген іс шаралар

Описание

фотоотчет

1

ТДМ- ӨНДІРІС, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ.

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Рыскалиева Р.Г. 6В05301-Химия мамандығының 4 курс студенттерімен тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысында студенттерді Алматы қаласындағы Samal су өндірісімен, оның құрылымымен таныстырып, зауыттың инновациялық жетістіктерін саралады, Су құрамын талдау зертханасында бірнеше тәжірибе жасатып, еліміздің тұрақты даму мақсаттарының орындалып жатқандығына көз жеткізді.  

https://www.instagram.com/p/CkGIfjwIoOh/?utm_source=ig_web_copy_link 

 

2

ТДМ -САПАЛЫ БІЛІМ

Университеттік жоба "100 кітап" аясында кафедра оқытушылары Тугелбаева Л.М. мен Ашкеева Р.К.-ның 2 курс магистранттарымен бірге ұйымдастыруымен "Қара сөз құдіреті" атты ісшара өткізілді. Мұнда Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқылып, студенттердің де ойы талқыға түсті. Магистранттардың білімге құштарлығын арттыру және әдеби тілмен сөйлеу мәдениетін арттыру мақсатында өткізілген бұл ісшараның маңызы өте зор.

https://www.instagram.com/p/CkdI7HDIdEa/?utm_source=ig_web_copy_link 

 

3

ТДМ- МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҮШІН СЕРІКТЕСТІК.

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Рыскалиева Р.Г. «Химия» мамандығының 4 курс студенттерімен тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысында Алматы қаласындағы «FoodExpo Qazakhstan 2022» Атакентте ұйымдастырылған тамақ өнеркәсібінің халықаралық көрмесіне қатысып, тамақ өндірісінде қолданылатын қондырғылар мен халықаралық жаңа технологиялармен танысты.Cонымен қатар, мақсатқа жету үшін көптеген серіктестер тауып, студенттердің болашақ жұмыс орнымен қамтамасыз етілуіне ықпал жасады.

 

https://www.instagram.com/p/CksX-WBI37n/?utm_source=ig_web_copy_link

4

ТДМ- САПАЛЫ БІЛІМ

07.03.2023 ж., сағат 09.30 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті химия және химиялық технологиялар факультетінің Е.Е.Ерғожин атындағы Ғылыми Кеңес мәжілісінің залында жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының оқытушысы Исмаилов Б.А. және 1 курс магистранттары Әбілжан А., Нұржанқызы Т., Ботиева Г., Мұрат М. ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Кездесу қонағы ҚР Үкіметінің Дарын жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, алаштанушы-ғалым Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбай “Алаш зиялыларының ұлт білімін дамытудағы үлесі” тақырыбында өзекті мәселелерді қозғады.

Еліміздегі төл туындылардың, түрлі монографиялардың авторымен кездесу барысында біз білмейтін Алаш тарихы туралы қызықты деректер айтылып, Алаш зиялыларының қазақ ғылымы үшін қандай үлес қосқандары туралы нақты мәліметтер берілді. Студенттердің көкейтесті сұрақтарына орынды жауаптар берілді.

Кездесудің ұзақтығы 2 сағатқа ғана созылғанымен, студенттерге өте құнды мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, Елдос Тоқтарбай өз ықыласы мен білімі арқылы жастардың бойындағы патриоттық сезімді жалындатып, Алаш зиялылары секілді ұлт біліміне, тарихына зор үлес қосатындай жігер сыйлады.

 

https://www.instagram.com/p/Cpt1AQkv9ub/?utm_source=ig_web_copy_link

5

ТДМ- ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ЭНЕРГИЯ.

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының оқытушылары Рыскалиева Р.Г., Сатыбалдиев Б.С. химия және химиялық технология, география және табиғатты пвйдалану, биология және биотехнология факультеттерінің студенттерімен Алматы қаласының «Биосфера экологиясы» зертханасының ғылыми қызметкерлері Мухтаров Равкат және Каштанов Артеммен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында қолжетімді және экологиялық таза энергияны пайдалану шарттары туралы студенттер құнды мәліметтер аллы.

 

https://www.instagram.com/p/CrSgoHcNd2Y/?utm_source=ig_web_copy_link

6

ТДМ- САПАЛЫ БІЛІМ.

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Рыскалиева Р.Г. «Химия» мамандығының 1 курс студенттері және магистранттармен сапалы білім тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысында  «әл-Фараби мұрасы» тақырыбында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының музейін тамашалады. Іс-шара барысында студенттер әлемге әйгілі ойшыл, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісінің еңбектерімен танысып, мол мәлімет алды.

 

https://www.instagram.com/p/Cq7pu1bI0I3/?utm_source=ig_web_copy_link

7

ТДМ- БЕЙБІТШІЛІК, ӘДІЛДІК, МЕКЕМЕ.

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценттері Л.К.Бейсембаева және Р.Г. Рыскалиева химия және химиялық технология факультетінің №13 жатақханасында тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысында  «Сайлау құқығының қағидаттары» тақырыбында студенттерге дөңгелек үстел өткізіп, сайлауға қатысатын кандидаттармен таныстырып, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Елімізде бейбітшілік, әділдік болуы үшін сайлауға қатысу керектігі туралы көптеген кеңестер берілді.

 

https://www.instagram.com/p/Cp72tXlo_sg/?utm_source=ig_web_copy_link

8

ТДМ-КЕДЕЙШІЛІКТІ ЖОЮ.

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Рыскалиева Р.Г. және «Химия» мамандығының 1 курс магистранттарының

ұйымдастыруымен тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысында  Алматы қаласының Отбасы банкінің бас менеджері Мира Тәңірбергенқызымен «Кедейшілікті жою» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында студенттерді Отбасы банкінің жаңа жобаларымен таныстырып, банк құрылымы және болашақты жоспарлау туралы көптеген мағлұматтар берілді.

 

https://www.instagram.com/p/Cqzk8b5IZv3/?utm_source=ig_web_copy_link

9

ТДМ- ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ.

17.03.2023 жылы сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінің Е.Е.Ерғожин атындағы мәжіліс залында жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Рыскалиева Р.Г. және 1 курс магистранттары Әлібек Назерке, Түзел Замираның ұйымдастыруымен тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысында  психолог - коуч Г. Касымбековамен «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында студенттердің болашақта өз мамандығы бойынша жұмыс жасап, жетістікке жету жолдары туралы құнды мәліметтер берілді.

 

https://www.instagram.com/p/Cp7234PIRyH/?utm_source=ig_web_copy_link

10

ТДМ- САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫЛЫҚ.

13.03.2023 жылы сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінің Е.Е.Ерғожин атындағы мәжіліс залында жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті Рыскалиева Р.Г. және 1 курс магистранттары Усербаева А., Айтмұханбет А. ұйымдастыруымен тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысында  Алматы қаласының Dental planet клиникасының дәрігері Жылқышбай Салтанат ханыммен «Салауатты өмір салты және салауаттылық» атты кездесу өткізілді. Кездесу барысында студенттермен тіс ауруы және оны емдеу, күту шаралары туралы құнды мәліметтер берілді. Студенттерге тіс пастасы сыйға тартылды.

 

https://www.instagram.com/p/Cpu7N1eIbWu/?utm_source=ig_web_copy_link

11

ТДМ – САПАЛЫ БІЛІМ

«ТДО-4 – Сапалы білім» аясында кафедра доценті Тугелбаева Л.М. мен Исмаилов Б.А. қатысуымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты ісшара 11 сәуір сағат 16:00 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, химия және химиялық технологиялар факультеті, Е.Е.Ерғожин атындағы ғылыми кеңес мәжіліс залында өткізілді. Бұл ісшараға Қазақстандағы жас әрі танымал полиглот, Цукуба университетінің түлегі − Мәди Пазылбек мырза кеш қонағы ретінде шақырылды. Кездесу барысында Мәди мырза өзінің тіл үйренудегі оңай тәсілдері мен әдістерімен ой бөлісті. «7М01503 – Химия» мамандығының 1 курс магистранттарымен өткен бұл кездесуде толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алынды. Кеш өте қызықты, әрі мәнді болды.
Кеш соңында викторина ойналып, алғыс хаттар таратылды.

 

https://www.instagram.com/p/CrP2j6nIzWo/?utm_source=ig_web_copy_link

12

ТДМ - САПАЛЫ БІЛІМ

әл - Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы және жауапты оқытушылары х.ғ.к. аға оқытушы Далабаева Н.С, х.ғ.д., Балғышева Б.Д. 7М01503- Химия мамандығының 1 курс магистранттарының ұйымдастыруымен Республикалық деңгейде ЖОО студенттерінің арасында "Химия және өмір" атты Жайдарман сайысын өткізді. Сайыс барысында тақырыптың мазмұнын ашып, бас жүлдеге Қазақ қыздар педагогикалық университетінің студенттері ие болды.

 

https://www.instagram.com/p/CrQV29-IrvZ/?utm_source=ig_web_copy_link

13

ТДМ – САПАЛЫ БІЛІМ

25.04.2023 жылы сағат 11: 00-де ҚазҰУ-дың 427 дәріс залында.Әл-Фараби "жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында жұмыс істеген белгілі химик ғалымдар" атты ашық кураторлық сағат өткізді.

Ұйымдастырушылар: жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы: Х.ғ. к., доцент Бейсембаева Л. к. магистранттар Тұрсыналы Арайлым, Абдысалам Аяулым, Жұмабекова Аида.

 

https://www.instagram.com/p/Crc7X8BI0Yd/?utm_source=ig_web_copy_link

14

ТДМ – САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫЛЫҚ

7М01503-Химия білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттарының «Салауатты өмір салты және салауаттылық» тақырыбы аясында тәрбие сағаты өткен болатын.
Ұйымдастырушылар: Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы
"7М01503- Химия білім беру" мамандығының магистранттары Оқытушы: х.ғ.к., аға оқытушы Калабаева М.К.

Тәрбие сағатының білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыруТәрбиелік мақсаты: Студенттердің бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.

 

https://www.instagram.com/p/CrICUWCI0iG/?utm_source=ig_web_copy_link