Білім беру бағдарламалары

Магистратура


   Бағдарлама атауы

Координатор

 Оқу жоспары

Химия Пономаренко О.И. 7М01503 - Химия (2).pdf 

 

Білім беру бағдарламасы

7M01503-Химия

Білім саласы

7М01 Ғылыми-педагогикалық бағыт

Дайындық бағыты

7М015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру

Білім беру бағдарламаларының тобы

M013 Химия мұғалімдерінің біліктілігін арттыру

Мақсаты

 Химия және педагогика саласында іргелі білімі бар, заманауи білім беру технологияларын меңгерген, сонымен қатар ғылым мен білім саласындағы басқарушылық қызметке қабілетті магистрлерді дайындау.

Бағдарлама мыналарға қабілетті маманды дамытуға бағытталған:

- химияны оқытудың классикалық және инновациялық әдістеріне негізделген оқу процесінің тиімділігін қамтамасыз ету;

- химия және педагогика саласындағы соңғы теориялар мен тенденциялар туралы заманауи білімді түсіндіру және жалпылау;

- химия және педагогика саласында өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу;

- химия және педагогика саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін кейіннен нәтижелерді жалпылау арқылы түсіндіру;

- магистрлік диссертацияда және ғылыми басылымдарда зерттеу нәтижелерін ресімдеу.

Оқыту тілі

Қазақ/орыс/ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

«7M01503-Химия» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі  

Оқыту нәтижелері

Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:

Осы білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін магистранттар төмендегілерді білуі қажет:

- Ғылыми зерттеулерді жүргізудің теориялық ұстанымдары, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістемелері саласындағы білімі.

- Химиялық ақпаратты, соның ішінде шет тіліндегі ақпаратты интерпретациялау және қорытындылау.

- Оқу орнының, оқу топтарының, жекелеген студенттердің сипаттамаларын ескере отырып, химиядан оқу материалының мазмұнын таңдауды, құрылымдауды және химиялық білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оның маңызды функцияларын, сабақтардың түрлері мен формаларын, сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асыру.

- Білім беру үдерісіне инновацияларды енгізе отырып, оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін қолдану.

- Білім беру қызметінің сапасын басқарудың тиімді әдістері мен құралдарын қолдану, білім беру қызметінің сапасына байланысты ұйымдағы кемшіліктерді анықтау.

- Білім беру жүйесін басқарудың негізгі принциптерін қолдану.

- Педагогикалық процесті бақылау мен түзетуді жүзеге асыру (соның ішінде өзін-өзі бақылау және өзін-өзі түзету).

- Химия саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.

- Оқу және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін ғылыми баяндамалар, рефераттар, оқу-әдістемелік зерттеулер және ғылыми жобалар түрінде ұсыну.

- Тапсырмаларды шешудің әдістері мен құралдарын таңдай отырып, химия және білім беру технологиялары саласындағы ғылыми зерттеулердің мәселелері мен міндеттерін тұжырымдау.

- Химия саласында ғылыми тәжірибелер жүргізу және алынған нәтижелерді түсіндіру.

- Топ мүшелерімен тиімді әрекеттесу жолдарын табу үшін жұмыс жағдайларын талдау және бағалау арқылы топтық жұмысқа қатысу.

Оқуға түсушілерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1416 

Академиялық қызмет

Білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі 2 жыл. Білім беру бағдарламасының сыйымдылығы 120 кредит (ECTS).

Ғылыми қызмет

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте 47 оқу, ғылыми-оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары бар. Соның ішінде:  

- Мария Склодовска-Кюри атындағы радиациялық экология зертханасы;

- Байланыстырушы материалдар зертханасы;

- Фосфатты тыңайтқыштар зертханасы;

- Электрохимиялық және экологиялық зерттеулер зертханасы

- Экстракциялау зертханасы;

- Термиялық талдау зертханасы .

 Факультетте (аналитикалық химия, коллоидтық химия, бейорганикалық химия, органикалық химия, физикалық химия, химиялық физика, катализ, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы) кең ауқымыды ғылыми-зерттеу мектептері бар; гранттық қаржыландыру жобалары мен бағдарламалары және шаруашылық келісім-шарт жобалары шеңберінде химия саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Оқытуда заманауи білім берудің үздік әдістері, инновациялық технологиялар және оқытудың әртүрлі белсенді формалары мен әдістері қолданылады: жобаларды құру, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін дамыту, кәсіби бағытталған презентацияларды талқылау, тренингтер, жеке және топтық жұмыстың үйлесімі.

Білім беру бағдарламасына енгізілген пәндер бойынша сабақтарды педагогикалық тәжірибесі мол тәжірибелі оқытушылар жүргізеді. Профессор-оқытушылар құрамына: ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, PhD докторлары кіреді. Оқытушылар республикалық және халықаралық деңгейде біліктілікті арттыру курстарынан тұрақты өтеді.

Халықаралық қызмет

 Білім беру бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлықты келесі серіктес университеттер жүзеге асырады:

 - ОҚӘУ РБА ғылыми-зерттеу институты (Ресей білім академиясының оқыту құралдары мен әдістері институты);

 - Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті;

 - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті;

 - Белгород мемлекеттік университеті;

 - А. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті;

  - К. Альбрехт атындағы Киль университеті (Германия).

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Білім беру бағдарламасы ASIIN аккредитациясынан өткен (аккредиттеу мерзімі 31.03.2017-30.09.2022). 

 Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы білім беру бағдарламалары рейтингінің нәтижелері бойынша ол:  

АРТА – 1 орын; 

БСҚТА – 1 орын .  

     Білім беру бағдарламасын құрастыру кезінде төмендегілер ескерілді:

- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қызметкерлерінің сапаларына еңбек нарығының заманауи талаптары;

- қазіргі әлемдегі химиялық білім берудің негізгі даму тенденциялары;

- Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағдарламалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімдері, білім беру саласындағы халықаралық конференциялар мен конгресстер;

- Болон процесінің негізгі принциптері;

- шетел жоғары оқу орындарының (РФ, Германия Федеративтік Республикасы, Сингапур және т.б.) педагогикалық мамандықтарының типтік және жұмыс оқу жоспарларының мазмұны мен құрылымы.

 

Қос дипломдық білім

   Шанхай ұйымы университетінің магистратура бағдарламасы аясында қос дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша «Химия» мамандығының магистранттары Жолдасова Науат пен Кыдырхан Акерке Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде (Белгород, Ресей) білім алды. Магистранттардың өздері атап өткендей: «Қос дипломдық бағдарлама бойынша оқыту білімнің кеңеюіне, тәжірибе алмасуға және эксперименттік дағдыларды орындауға ықпал етеді».

 

 



  Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің

Жолдасова Н. - ге магистр дәрежесін беру туралы дипломы,

2019 жыл

 

 Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің

Кыдырхан А. - ға магистр дәрежесін беру туралы дипломы,

2019 жыл

 

Кәсіби қызметтің бағыттары.

 

«7M01503 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураны бітіргеннен кейін жас мамандар келесі бағыттар бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыра алады:

-  педагогикалық;

-  ғылыми-зерттеу;

-  басқарушылық;

-  мәдени-ағарту.

 

Сіздің мүмкін мамандықтарыңыз:

-  университет профессоры; колледж, лицей;

-  мектептерде , колледждерде және басқа оқу орындарында директор, бас мұғалім немесе әдіскер ;

-  ғылыми қызметкер;

-  мұғалім;

-  лаборант;

-  маман.

 

Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:

- университеттер

- колледждер

-  орта мектептер

-  кәсіптік білім беру мекемелері, орта жалпы білім беру, қосымша білім беру жүйелері

-  аудандық және облыстық (қалалық) білім бөлімдері

-  білім берудің республикалық органдары (комитеттері).

-  баспалар мен ғылыми-әдістемелік журналдардың редакциялары

-  ғылыми-зерттеу (университеттер, білім беру проблемаларының ғылыми-зерттеу институттары, академиялар және т.б.) ұйымдар;

-  мәдени-ағарту (ағарту үйлерінде, оқушылар мен студенттер сарайларында.) мекемелер.