Жалпы мәліметтер (2012-2014)

Кафедраның негізгі мақсаты білім беру сапасын артырып, ғылым мен өндірістің әр түрлі салаларына және жоғарғы оқу орындарына бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады. Осыған орай, кафедрада қарқынды түрде оқыту және ғылыми жұмыстар жүргізілуде, жетекші ғылыми – оқыту орталықтарымен халықаралық байланыстар орнатылды.

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының қызметкерлері (2012 ж.)

 

Қазіргі уақытта кафедрада 10 ғылым докторлары, профессорлар, олардың арасында ғылым, техника және білім саласында ҚР Мемлекеттік Сыйлығының 2 иегері, 18 ғылым қандидаттары, доценттер жұмыс атқарады.

Қызметкерлердің тізімі:
http://pps.kaznu.kz/2/Main/Chair/242

 

2014 жылдың 31-ші наурызынан 11-ші сәуірі аралығында химия және химиялық технология факультетінде «Современные тенденции в области топливных элементов с протонообменной мембраной» тақырыбында Лотарингия Университетінің (Нанси қаласы, Франция) профессоры Hinaje Melika лекциясы, семинары және консультациясы өтеді.

 

2014 жылдың 4–15-ші сәуірі аралығында химия және химиялық технология факультетінде «Выращивание кристаллов для фотоники и других областей техники» тақырыбында, Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімінің (Новосибирск қаласы), В.С. Соболев атындағы Геология және минералогия институнының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы Кох Александр Егоровичтің лекциясы, семинары және консультациясы өтеді. 


2014 жылдың 4–15-ші сәуірі аралығында химия және химиялық технология факультетінде «Специфические технологии в химии неорганических веществ» тақырыбында, Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімінің (Новосибирск қаласы), В.С. Соболев атындағы Геология және минералогия институнының меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы Уракаев Фарит Хисамутдиновичтің лекциясы, семинары және консультациясы өтеді.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80-жылдық мерейтойына байланысты, жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы Мария Склодовская Кюридің құрметіне арналған Ақпараттық күнге барлық қатысушыларды шақырады.


2013 ж. сәуір айының 22-26 аралығында Алматы қаласында "Радиациялық бақылау және ауыз суын радиациялық белгі бойынша гигиеналық бағалау"атты ашық семинар өткізілді.